2025 жылдың шілде айында Астана күніне орай, Созақ аудандық «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» әлеуметтік орталығының ұйымдастыруымен зейнеткерлер арасында дойбыдан жарыс өткізілді. Іс-шараның мақсаты – зейнеткерлер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, спортқа деген қызығушылықты арттыру және өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру.
Дойбы жарысы қатысушылардың ақыл-ойын, шыдамдылығын және зейінділігін ұштастырған мазмұнды сайыс ретінде жоғары деңгейде өтті. Жарыс еркін форматта өткізіліп, қатысушылар мен көрермендердің ыстық ықыласына ие болды.
Іс-шара соңында «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» әлеуметтік орталығының директоры Оспанов Марат Әбілқайырұлы жарысқа қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, үздік нәтиже көрсеткен зейнеткерлерді алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапаттады.
Мұндай іс-шаралар қарттарымыздың белсенді өмір сүруіне және қоғамдағы белсенділігін арттыруға ықпал ететіні сөзсіз.

