kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сауран: “Тұманбай жыры — тұнған жыр” атты әдеби-сазды кеш

24 июля, 2025
in Жаңалықтар, мәдениет, Руханият, Әлеумет
0
Сауран: “Тұманбай жыры — тұнған жыр” атты әдеби-сазды кеш
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сауран ауданында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Қазақстанның халық жазушысы Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай «Тұманбай жыры – тұнған жыр» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Шараны ауылдық кітапхана ұжымы өткізді.

Кешке ауыл тұрғындары мен оқырмандар қатысып, ақын шығармашылығынан рухани әсер алды. Кітапханашы Сағындықова Гүлзат Тұманбай Молдағалиевтің өмірі мен әдеби мұрасы туралы мазмұнды баяндама жасап, қатысушылар назарына ақынның кітаптарынан құралған инсталляциялық көрмені ұсынды.

Кеш барысында ақын сөзіне жазылған әндер шырқалып, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады. Қожанова Құрбанай «Бақыт құшағында», Шырынбекова Гүлжауһар «Куә бол» әндерін әсерлі жеткізсе, Сұлтанова Бағила «Сағындым ғой» әнімен көрермен жүрегіне жол тартты.

Сондай-ақ, 8-сынып оқушылары Нұриддин Інжу мен Нұрланқызы Нұргүлім ақын өлеңдерін жатқа оқып, жас ұрпақтың поэзияға деген сүйіспеншілігін көрсетті.

Кеш соңында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, шара «Құстар қайтып барады» әнімен қорытындыланды.

Іс-шараның басты мақсаты – ақын шығармашылығын насихаттау, жастарды рухани құндылықтармен тәрбиелеу және ұлттық әдебиетке деген құрметті арттыру болды.

Алдыңғы жаңалық

Сауран: «Салт-дәстүрім – асыл қазынам» атты танымдық-мәдени кеш өтті

Келесі жаңалық

Сауран ауданында әуесқой командалар арасында футболдан іріктеу жарысы өткізілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі