kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентау: «Қария сөзі – киелі, өсиеті – өнеге»

4 июня, 2025
in Жаңалықтар, Руханият, Әлеумет
0
Кентау: «Қария сөзі – киелі, өсиеті – өнеге»
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарияларды құрметтеу – қазақ халқының дәстүрі мен рухани құндылығының маңызды бөлігі екенін бірнеше рет атап өткен. Ол өзінің түрлі жолдауларында және кездесулерінде:

«Қариясы бар ел – қазыналы ел» деген халқымыздың нақылына сүйене отырып, үлкендерді құрметтеу, олардың өмірлік тәжірибесін бағалау – қоғамның парызы екенін айтқан.

Президенттің сөзімен:

«Қарттарға қамқорлық көрсету – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Олар – еліміздің рухани тірегі, тәуелсіздік жылдарында атқарылған барлық жетістіктердің куәгері әрі соған үлес қосқан азаматтар», – деп атап өткен.

Сонымен қатар ол Қарттар күніне орай:

«Елге еңбегі сіңген аға буынға құрмет көрсету – біздің азаматтық борышымыз» деп ерекше назар аударған.

Мемлекет тарапынан зейнеткерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға, денсаулығын қорғауға, белсенді өмір салтын ұстануына жан-жақты қолдау көрсетілетіні де ресми түрде айтылып жүр.

Осындай қариялардың бірі — Берікқара Жеңіс Әлмаханұлы. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Кентау қалалық бастауыш ұйымы мен Кентау қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған №6 арнайы кітапхана филиалы бірлесе отырып, қоғамның белсенді мүшесі, салауаткер – Берікқара Жеңіс Әлмаханұлының жеке мұражайына барды. Жеңіс ата қуана күтіп алып, мұражайдағы көне заттармен таныстыра отырып, олардың тарихын айтып берді және қарапайым құрылыс материалдарынан жасаған түрлі композицияларын көрсетті. Мұражайда құнды жәдігерлермен қатар, қарияның өзі жазған кітаптары, жинақтары бар. Төрде домбыра ілулі тұр. Фотосуреттер мен өзге де заттар сөрелерден орын алған.

Адамзат тарихында қалған маңызды оқиғалардың бірі – Ұлы Жеңіске биыл 80 жыл толды. Айтулы күнмен қатар салауаткер – Берікқара Жеңіс Әлмаханұлы да 80 жасқа келді. 1945 жылдың 9 мамырында дүниеге келген атамыздың ата-анасы Ұлы Жеңістің құрметіне есімін Жеңіс деп қойған екен. Жеңіс ата қала тұрғындарына салауаткерлігімен ғана емес, ақындығымен, халық әндерін нақышына келтіре орындайтын серілік өнерімен де етене таныс. Ақсақал «Аманат», «Салауаткер», «Қассақ» атты үш кітап жазған. «Жігітке жеті өнер де аз» дегендей, қария домбыра мен аккордеонда да ойнайды. Халық композиторларының 250-ге тарта әндерін нақышына келтіріп орындайды. Қоғамның іс-шараларына белсенді қатысып, жазған өлеңдерін оқып беріп отырады. «Салауаткер» атанған Жеңіс атамыздың жастарға берер тәлім-тәрбиесі мол. Себебі, ақсақал әрдайым салауатты өмір салтын насихаттап жүреді.

Берікқара Жеңіс атамызға мықты денсаулық, отбасына амандық тілейміз. Қаламы ұшқыр болып, жазған өлеңдері оқырман жүрегінен жол таба беруіне тілектеспіз.

 

Алдыңғы жаңалық

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА БАЛАЛАР АРАСЫНДА СУРЕТ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Келесі жаңалық

КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі