kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

1 октября, 2025
in Жаңалықтар, мәдениет, Әлеумет
0
ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ
0
SHARES
18
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Сауран аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті.

Салтанатты жиынға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, облыстық мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов, Сауран аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев, аудандық ардагерлер кеңесі мен аналар алқасының мүшелері, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан еңбек ардагерлері қатысты.

Мереке тарихи қойылыммен басталып, аудан басшысы ардагерлерге жүрекжарды лебізін білдірді.
– «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол болар» деген халық даналығы бар. Ардагерлеріміз – еліміздің алтын қоры. Бүгінде ауданымыздағы ауқымды жұмыстардың жүзеге асуына сіздердің ақыл-кеңестеріңіз бен өмірлік тәжірибелеріңіз негіз болып отыр. Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын, – деді Мақсат Таңғатаров.

Шара барысында ауданның әлеуметтік дамуына үлес қосқан бірқатар қарияларға «Сауран ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілері табыс етілді. Сонымен қатар, облыстық мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов пен аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байыспаев ардагерлерге ізгі тілектерін жеткізді.

Өз кезегінде аудан ақсақалдар сөз алып, жастарды елдікке, бірлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті. Мерекелік кеште аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, шараға сән берді. Қонақтарға ақ дастархан жайылып, қарттарға айрықша құрмет көрсетілді.

 Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алдыңғы жаңалық

«ЕСІРТКІ БИЗНЕСІНЕ ЖОЛ ЖОҚ» ҰРАНЫМЕН КІШІ ФУТБОЛДАН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

Келесі жаңалық

САУРАН АУДАНЫНДА МАҚТА ЖИНАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі