Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бұл індеттің қоғамға тигізетін зардабы орасан: ол экономикалық өсуді тежеп, азаматтардың мемлекетке деген сенімін төмендетеді. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тек мемлекеттік органдардың емес, барша қоғамның ортақ міндеті болуы тиіс.
Сауран ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік әдепті сақтау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Басқарма қызметкерлері арасында адалдық, әділдік және парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру мақсатында тұрақты түрде семинарлар, түсіндіру кездесулері және ішкі бақылау шаралары ұйымдастырылып отыр.
Басқарманың негізгі ұстанымы – «Адал қызмет –абыройлы іс» қағидасын берік сақтау. Әр қызметкер өз жұмысына жоғары жауапкершілікпен қарап, азаматтарға сапалы қызмет көрсетуді басты міндет деп біледі. Мемлекеттік қызметте адалдық пен әділдік қағидаттарын ұстану-ел дамуының, халық сенімінің кепілі.
Сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне мүлдем төзбеушілік танытып, заңдылықты сақтау — әрбір азаматтың борышы. Осы бағыттағы бірлескен іс-қимыл мен ашықтық мәдениеті қоғамда әділдік пен сенім орнатуға мүмкіндік береді.
Қозбағар Болат Жадраұлы,
Сауран ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының
басшы орынбасары.
