kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Басты бет

ОРАҢҒАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ «ТАZA ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕҢ КӨЛЕМДЕГІ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

23 апреля, 2026
in Басты бет, Экология
0
ОРАҢҒАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ «ТАZA ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕҢ КӨЛЕМДЕГІ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Оранғай ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды тазалық шарасы ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты қоршаған ортаның санитарлық жағдайын жақсарту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындарды ортақ тазалыққа жұмылдыру болып табылады.

Тазалық жұмыстарына ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері және еріктілер қатысып, жалпы саны 800-ге жуық адам белсенділік танытты. Сонымен қатар, санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізу үшін 7 арнайы техника жұмылдырылды.

Шара барысында елді мекен аумағындағы көшелер, қоғамдық орындар, арық-атыздар мен ашық аумақтар қоқыстан тазартылды. Нәтижесінде жалпы көлемі 18 тоннаға жуық тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстар шығарылып, арнайы орындарға жеткізілді.

Аталған іс-шара аудан көлемінде экологиялық ахуалды жақсартуға, тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға және елді мекендердің санитарлық жағдайын жүйелі түрде жақсартуға бағытталды.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Алдыңғы жаңалық

САУРАНДА БАЛА ТӘРБИЕСІ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІНЕ АРНАЛҒАН ФОРУМ ӨТТІ

Келесі жаңалық

САУРАНДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДАНЫ ЖҮЛДЕМЕН БАСТАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі