kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Басты бет

САУРАНДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДАНЫ ЖҮЛДЕМЕН БАСТАДЫ

20 мая, 2026
in Басты бет, Спорт
0
САУРАНДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДАНЫ ЖҮЛДЕМЕН БАСТАДЫ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында 23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер күніне орай мемлекеттік қызметшілер арасында дәстүрлі облыстық спартакиада басталды. Ауқымды спорттық додаға облыстың барлық аудан-қалаларынан 1000-ға жуық мемлекеттік қызметші қатысып, спорттың бірнеше түрінен өзара бақ сынауда.

Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімінде облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысушыларды мерекемен құттықтап, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Биылғы жарыста мемлекеттік қызметшілер шағын футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, жүзу, шахмат, киберспорт, баскетбол 3х3 және қазақ күресі бойынша сынға түсуде.

19-22 мамыр күндері аралығында өтіп жатқан облыстық спартакиаданың алғашқы күндерінен-ақ Сауран ауданының мемлекеттік қызметшілері жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарды иелене бастады. Атап айтқанда, қазақ күресінен 100 келі салмақ дәрежесінде Сауран ауданы кәсіпкерлік және туризм бөлімінің бас маманы Баймаханов Бағлан үздік өнер көрсетіп, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Бұл аудан командасының жарысты сәтті бастағанының айқын көрінісі.

Облыстық спартакиаданың негізгі мақсаты мемлекеттік қызметшілер арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдық бірлік пен әріптестік байланысты нығайту. Сонымен қатар жарыс қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен спортшылар мен командалар шілде айында Көкшетау қаласында өтетін республикалық спартакиадада Түркістан облысының намысын қорғайтын болады.

©️Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

#Сауранауданы

#Сауран

Алдыңғы жаңалық

ОРАҢҒАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ «ТАZA ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕҢ КӨЛЕМДЕГІ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

Келесі жаңалық

БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі