kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН – ТАТУЛЫҚТЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ, ТАРИХИ ТӨРІ

30 апреля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам, Әлеумет
0
ТҮРКІСТАН – ТАТУЛЫҚТЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ, ТАРИХИ ТӨРІ
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан қаласында Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына және 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Қазақстан – достық мекені» мерекелік іс-шарасы өтті. Қонақтар алдымен этномәдени бірлестіктердің ұлттық тағамдары мен қолөнер көрмесін тамашалады. Достық пен бірлік, ізгілік пен еңбек насихатталған салтанатты жиында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды көпшілікті мерекемен құттықтады.
– Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бірлік пен ынтымақ мемлекетіміздің тұрақты дамуына жол бастайды. Бірліктің арқасында еліміз әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақтылыққа қол жеткізе білді. Биыл Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толып отыр. Осы қысқа ғана уақытта облыс пен Түркістан қаласының жаңа дәуірі басталды. Тарихи шаһарда жүздеген нысан бой көтеріп, жаңара түсті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістанға тарихи және рухани елорда мәртебесін беруді тапсырмасы аясында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бүгінде Түркістан облысында 11 этномәдени бірлестік жұмыс істеуде. Астана қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІ сессиясында Мемлекет Басшысы «Қазақстандағы барлық этнос өкілдері қазақтың болмысын бойына сіңіруде. Қазақстан олар үшін туып-өскен, ержеткен, білім алған, отбасын құрған қастерлі мекені, Отаны болып саналады. Бұл – табиғи үрдіс», деді. Бірлігіміз нығайып, берекеміз арта берсін! Ынтымақ пен қажырлы еңбектің арқасында Жаңа Қазақстанды өркендетуге атсалысайық! – деді Дархан Сатыбалды.
Мерекелік іс-шарада елдің рухын көтеретін әндер шырқалды. Қазақтың би өнері дәріптеліп, Сүгірдің термесі орындалды. Сонымен бірге бауырлас халықтардың ұлттық әндері де мерекенің адарын аша түсті. Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония өнерпаздары жұртшылықты өнерімен тәнті етсе, мереке «Туған жер», «Бірлігіміз жарасқан» әндерімен түйінделді.
Осы күні ұйымдастырушылар Түркістан тұрғындары мен қонақтарына ерекше тосын сый жасады. Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай, 5 мың дана кәуап әзірленді. Тайқазан үлгісіндегі 100 метрлік мангал құрылып, онда 30 аспаз бірігіп, дәмі тіл үйіретін кәуап пісірді. Жұртшылық бірлік пен ынтымақ дастарқанынан дәм татып, мазмұнды іс-шара Түркістан төріндегі мерекелік серуендерге ұласты.
Алдыңғы жаңалық

«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ» ФЕСТИВАЛІ АЯСЫНДА АЙТЫСКЕРЛЕР ЖАҢАРҒАН ТҮРКІСТАНДЫ ЖЫРЛАДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІНДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі