kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Білім

«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ» ФЕСТИВАЛІ АЯСЫНДА АЙТЫСКЕРЛЕР ЖАҢАРҒАН ТҮРКІСТАНДЫ ЖЫРЛАДЫ

30 апреля, 2023
in Білім, Жаңалықтар
0
«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ» ФЕСТИВАЛІ АЯСЫНДА АЙТЫСКЕРЛЕР ЖАҢАРҒАН ТҮРКІСТАНДЫ ЖЫРЛАДЫ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістанда ашық аспан астында «Омартасы рухтың – Отырарым» атты ақындар айтысы өтті.
Жыр додасында айтыстың ақтаңгері Бекарыс Шойбеков бастаған, Анар Жаппарқұлова мен Дәурен Ақсақалов сынды жүйріктер қостаған отырарлық айтыскерлер түлеген Түркістанды жырға қосты.
Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай өтіп жатқан «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында ұйымдастырылған аламанның ашылуында Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов ұлттық өнерді ұлықтап жүрген ақындарға сәттілік тіледі.
Үш сағат бойы елдің ынтымақ-бірлігін жырлаған ақындар айтысы көпшілік көңілінен шыға білді. Тауып айтқан әдемі қалжыңы езуге күлкі сыйласа, салмақты сөздері көпке ой салды.
Шара соңында Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасының бөлім басшысы Мұқағали Кенжетайұлы мен аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханұлы бес жұпқа бөлінген Бекарыс Шойбеков, Анар Жаппарқұлов, Дәурен Ақсақалов, Дәурен Полатбаев, Мейіржан Жарылқап, Сұлтан Сәуірхан, Даниял Болысбек, Мұхит Бабақұл, Ахметрасул Баянбай, Бекжан Базарбек сынды он ақынға құрмет көрсетіп, аудан әкімі Сәкен Сұлтанхановтың алғыс хаты мен қаржылай сый-сияпатын табыстады.
Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ОТЫРАРЛЫҚ ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРЛЕРІ МЕН ӨЛКЕТАНУ КӨРМЕСІ ТУРИСТЕРДІ ТАМСАНДЫРДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН – ТАТУЛЫҚТЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ, ТАРИХИ ТӨРІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі