kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Билік

ТҮРКІСТАНДА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР ЖӘНЕ ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ

5 мая, 2023
in Билік, Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР ЖӘНЕ ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев көпшілікті қос мерекемен құттықтап, бұл айтулы күндердің мән-маңызына тоқталды.
– Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мереке күні біз Екінші дүниежүзілік соғысында елімізді қорғаған ардақты ардагерлерімізге құрмет көрсетеміз. Жеңісті жақындатуға үлес қосқан әрбір ардагердің алдында қарыздармыз! Қарулы күштер ардагерлері мен сапта жүрген сарбаздарымызға да құрмет көрсетіледі. Облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының бастамасымен өңірде жастарды отаншылдыққа баулу, әскери салаға қызықтыру бағытында жұмыстар атқарылып жатыр. Қарулы Күштер қатарында әскери қызмет атқару – әрбір ер азаматтың парызы. Әскер сапында Түркістан облысының өрендері де бар. Жүректі әрі білекті сарбаздарымыз Отан алдында абыроймен қызмет атқаруда. Адамзат тарихындағы ең алапат соғыс – Екінші дүниежүзілік майданында біздің жаужүрек аталарымыз, апаларымыз ерліктің үлгісін көрсетті. Қазақстаннан Кеңес Одағының 500-ден астам батыры шықты. Түркістан өңірінен де қан майданға мыңдаған азамат аттанып, ерлік көрсетті. Миллиондаған ана ұлынан, қосағынан айырылса, мыңдаған бала жетім қалды. Жас баладан бастап, қартқа дейін жеңісті жақындатуға үлес қосты. Сондықтан бұл тарихты ұмытуға құқығымыз жоқ. Ардақты ардагерлеріміздің алдында бас иеміз және оларды қадірлейміз. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларына бақ-береке, амандық тілеймін! – деген Бейсен Дәулетұлы бірқатар азаматты марапаттады.
Түркістан облысының Қорғаныс істері бойынша департаменті бастығының орынбасары, подполковник Жандос Күдербаев та жұртшылықты құттықтады. Жастарды Отан қорғауға, әскерде қызмет етуге шақырды.
Мерекелік кеште елді отаншылдыққа шақыратын әндер шырқалды. Алдымен «Отаным» әнін шырқалса, «Алға қазақ жігіттері» әні де көрерменді серпілтті. Өзге де әндер көрерменге жігер сыйлады. Облысқа, республикаға танымал өнерпаздар, қалалық мәдениет үйінің әншілері өз өнерлерімен мерекенің ажарын аша түсті.
Алдыңғы жаңалық

«БӘРІ МҮМКІН»: ТҮРКІСТАНДА ҚОЛАРБАДА БИЛЕУДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНҒАН ЕРМЕК ҚАЛЫМБЕТОВТЫҢ КЕШІ ӨТТІ

Келесі жаңалық

ҚАЛА ӘКІМІ НҰРБОЛ ТҰРАШБЕКОВТІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖЕДЕЛ ЖИЫН ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі