Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің шілде айында тұрғындармен өткізген кездесуі қортындысымен берілген 158 тапсырма бойынша не жұмыс атқарылды?
Қала әкіміне Инфрақұрылым және коммуникациялар бөліміне жүктелген 48 тапсырманың 7-уі орындалып, бақылаудан алуға ұсыныс жолданғаны, Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі тарапынан 53 тапсырманың 10-ы жүзеге асқаны туралы есеп берілді.
Әр сала бойынша баяндаған бөлім басшылары бүгінгі таңда нақты 25 мәселені соңына жеткізген.
— Мәліметтер жұмысшы топпен тұрақты түрде тексеріледі. Шешуге толық мүмкіндік бар істі кейінге қалдырмаңыздар. Зерделеуге жолданған мәселелер бойынша да нақтылық керек. Елді “ертеңмен” алдаудың қажеті жоқ. Мерзімін, заңдылығын ашып айтыңыздар, — деді шаһар басшысы өз сөзінде.
Жыл басынан бері тұрғындардың өтініші мен ұсынысы негізінде қала әкімімен берілген тапсырма саны 649-ды құраса, бүгінде оның 553-і шешімін тапты (орындалуы 85 пайыз).


