kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САУРАН АУДАНЫНДА СУ ЖҮЙЕСІ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

14 мая, 2025
in Жаңалықтар, Экология
0
САУРАН АУДАНЫНДА СУ ЖҮЙЕСІ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықты сапалы және үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін елдің әлеуметтік дамуының басым бағыты ретінде атап өтіп,  2025 жылға дейін Қазақстан халқын 100 пайыз таза ауыз сумен қамтуды тапсырған болатын. Осыған байланысты Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров «Сауран-Су» МКК қызметкерлерімен кеңес өткізді. Онда ауыз сумен үздіксіз және сапалы қамтамасыз ету, сондай-ақ мекеменің қаржылық жағдайын тұрақтандыру мәселелерін талқылады. Кездесуге мекеме басшысының міндетін уақытша атқарушы, бөлім меңгерушілері мен шаруашылық бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында аудан әкімі төмендегідей нақты тапсырмалар берді. Есеп-ақпараттық жүйені жетілдіру, тұтыну көлемі мен шығынды дәл есептеу үшін су өлшегіш құралдарды орнату жүйесін енгізуді тапсырды. Қаржылық тұрақтылық – кіріс пен шығысты апта сайын сараптап, артық шығынды қысқарту шараларын іске асыру керектігін айтты. Тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, су тарифтері мен төлем тәртібін насихаттау арқылы қарыздарды азайту мәселесін көтерді.

«Әрбір атқарылған есеп — тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасының кепілі. Сондықтан шығындардың әр теңгесін қадағалап, сапаны және үнемділікті қатар қамтамасыз етуіміз керек», — деді Мақсат Таңғатаров.

Аудан әкімдігінің және мекеменің барлық бөлімдері белгіленген жоспарды пысықтап, және әр апта қорытындысын әкімдікке ұсынатын болды. Жиын «Сауран-Су» МКК жұмысының сапасын және аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейін арттыруға бағытталған нақты іс-шаралар мен бақылау тетіктерін жетілдірумен аяқталды, — деп хабарлайды Сауран ауданының баспасөз қызметі.

Алдыңғы жаңалық

Сауран аудандық жер қатынастары бөлімінің 2024 жылы атқарылған жұмыстар және 2025 жылға негізгі міндеттер туралы

Келесі жаңалық

САУРАНДА БІРЛІК ПЕН БЕЙБІТШІЛІК МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі