kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Білім

«МАРХАБАТ ОҚУЛАРЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ

17 мая, 2025
in Білім, Жаңалықтар, Руханият, Әлеумет
0
«МАРХАБАТ ОҚУЛАРЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ  БАЙҚАУ
0
SHARES
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында жазушы, журналист, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби және «Түркі әлеміне қызмет» сыйлықтарының иегері, «Құрмет», «Парасат» және «Барыс» ордендерінің иегері, Түркістан облысының Құрметті азаматы Мархабат Байғұттың 80 жылдық мерейтойына орай «Мархабат оқулары» атты облыстық байқау ұйымдастырылды. Байқау Түркістан облыстық Мәдениет басқармасының қолдауымен, «Медиакратия» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Елшібайдың жетекшілігімен және Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен өтті.

Байқау мақсаты Мархабат Байғұт шығармаларын терең оқуға ынталандыру, оқушылардың әдеби талдау жасау дағдысын қалыптастыру, туған жер, тіл мен дәстүр тақырыптарын дәріптеу, көркем сөз оқу, шығарма жазу, сахна арқылы талантты жастарды анықтау және қолдау, патриоттық тәрбие беру, ұлттық құндылықтарды насихаттау болып табылады.

Байқау қатысушылары 4 кезең бойынша сайысқа түсті. Нәтижесінде Ескі Иқан ауылдық кітапханасының оқырманы Газихан Рухшона М.Байғұт прозасынан мәнерлеп оқу кезеңі бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды.

М.Байғұт шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу кезеңі бойынша Жаңа Иқан ауылдық кітапханасының оқырманы Анешова Нұрай ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Сонымен қатар, байқауға қатысқан барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.

Мархабат Байғұттың шығармашылығы жастарға рухани азық болып, олардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырды. Байқау жас таланттардың жолын ашып, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға үлкен үлес қосты.

Алдыңғы жаңалық

«Адамдық борыш үшін» мерекелік-концерттік кеші аталып өтті

Келесі жаңалық

«ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ-ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРДІҢ ТЕҢДІГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі