Сауран аудандық мәдениет үйіне қарасты Абай ауылдық клубында жоспарға сәйкес «Гендерлік саясат-қоғамдық өмірдің теңдігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Жиынға клуб, кітапхана қызметкерлері, ауыл жастары, Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушылары және сынып жетекшісі Мейрамкүл Утебаева мен ауыл аналары қатысты.
Модератор клуб қызметкері Умит Алмаханбетова қоғамдық өмірдегі гендерлік саясаттың рөлі туралы айтып өтті. Жігіттер мен қыздар арасында түрлі пікірталастар болып, келген қонақтар өз ойларын ортаға салды.
Гендерлік саясат әйелдерге тең қол жетімділікті және өмірдің барлық салаларына қатысуды қамтамасыз етуі қажет. Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың негізгі принциптері ерлер мен әйелдер үшін Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдендірілген тең құқықты және бостандықты орнатады. Гендерлік теңдік саясатының алға жылжуы үшін әйелдерге саяси, экономикалық және қоғамдық өмірге араласу қажет. Демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекетті бекітуде мемлекетіміз әйелдерінің рөлі ерекше.
Жиынға қатысқан жастар мен оқушылар әсіресе осы тақырып аясында көптеген мәліметтер алды, ал ата-аналар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіре отырып, алдағы уақытта да осындай іс-шаралардың жалғасын таба беруі керектігі жайлы өз ойларын жеткізді. Осылайша, жиын түрлі пікірталастар мен ойларға толы әрі қызықты өтті.

