kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САУРАН: ДАЛА ЖӘНЕ ОРМАН ӨРТТЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

17 мая, 2025
in Жаңалықтар, Экология
0
САУРАН: ДАЛА ЖӘНЕ ОРМАН ӨРТТЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дала және орман өрттерінің алдын алу мәселесіне ерекше назар аударып, тиісті мемлекеттік органдар мен өңір әкімдеріне нақты тапсырмалар берді. Бұл тапсырмалар еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғи ресурстарды сақтау мақсатында жүзеге асырылуда. Президент облыс, аудан, қала әкімдеріне дала және орман өрттерінің алдын алу және жою бойынша жан-жақты шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Бұл шаралар орман шаруашылықтарының күштері мен құралдарын толық жауынгерлік әзірлікке келтіруді қамтиды.  Президент тапсырмасына сәйкес өрт қауіпті маусымның басталуына байланысты Сауран ауданында табиғи аумақтардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өрттің алдын алу бағытында нақты жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, аудандық маңызы бар жол бойларына өрттің таралуын шектеу мақсатында арнайы минералды жолақтар жыртылды. Жалпы ұзындығы 119 км болатын минералды жолақ аудан бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бойына жүргізілді. Бұл жұмыстарға 8 ауылдық округтен 8 арнайы техника жұмылдырылды. Минералды жолақтар құрғақ шөп пен жанғыш материалдардың жан-жағына оттың таралуына тосқауыл болады. Аудан әкімінің тапсырмасымен өртке бейім аумақтар алдын ала анықталып, жоспарлы түрде өңделді. Сонымен қатар, тұрғындар мен мекемелер арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру жұмыстары қатар жүргізілуде. Аудан әкімдігі тұрғындарды өрттің алдын алу шараларын қатаң сақтауға және күдік тудыратын жағдайлар байқалған жағдайда бірден жауапты органдарға хабарлауға шақырады.

 

Алдыңғы жаңалық

САУРАН АДАНЫНДА «ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР КҮНІ» ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Келесі жаңалық

БЕЙБІТШІЛІККЕ НЕГІЗ БОЛҒАН ЕҢБЕК ИЕЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі