kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

БЕЙБІТШІЛІККЕ НЕГІЗ БОЛҒАН ЕҢБЕК ИЕЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

17 мая, 2025
in Жаңалықтар, Әлеумет
0
БЕЙБІТШІЛІККЕ НЕГІЗ БОЛҒАН ЕҢБЕК ИЕЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек адамдарының қоғамдағы рөліне ерекше мән беріп, оларды бейбітшілік пен тұрақтылықтың негізі ретінде бағалайды. 2024 жылғы 15 қарашада өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Президент «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында сөйлеп, еңбек иелеріне құрмет көрсету туралы нақты тапсырмалар берді.

Президент Қ.Тоқаев еңбек адамдарының қоғамдағы рөліне ерекше мән беріп, оларды бейбітшілік пен тұрақтылықтың негізі ретінде бағалайды. 2024 жылғы 15 қарашада өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Президент «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында сөйлеп, еңбек иелеріне құрмет көрсету туралы нақты тапсырмалар берді.

Президент тапсырмасы аясында 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні қарсаңында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, аудан прокуроры Алмаз Асылбеков, аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев және «Amanat» партиясының аудандық филиал төрағасы Сағынбек Асылбеков, сондай-ақ зиялы қауым өкілдерімен бірге тыл ардагерлері Раймов Шараф пен ғасыр жасаған ақ жаулықты ана, тыл еңбеккері Калтаева Күлшаның шаңырағына арнайы барып, мерекелік құттықтауын жеткізді.

Қос ардагерге гүл шоқтары мен мерекелік сый-сияпаттар табысталып, шынайы алғыс пен зор құрмет көрсетілді. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тыл еңбеккерлеріне «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалі тапсырылды. Аудан басшысы ел үшін ерен еңбек еткен ардагерлерге ризашылығын білдіріп, олардың өмір жолы — елге үлгі, ұрпаққа өнеге екенін атап өтті.

– Тылдағы қажырлы еңбек пен төзімділік — майдандағы Жеңіске қосылған зор үлес. Ал ғасыр жасаған аналарымыз – халқымыздың рухы мен парасатының көрінісі. Сіздерге деген құрмет – елдің өз тарихына, өз болмысына деген құрметі, – деді аудан әкімі.

Ардагерлер де ізгі тілектер мен ыстық ықыласқа алғыстарын білдіріп, ел амандығын, ұрпақ тыныштығын тіледі.

Мұндай кездесулер – бір күндік емес, ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын өнегелі дәстүр. Ардагерлерге құрмет көрсету – бұл тек тарихқа тағзым емес, елдіктің, руханияттың, ұлттық бірліктің белгісі. Сауран ауданында өткен бұл тағылымды шара – кейінгі ұрпақтың аға буын алдындағы алғысы мен аманатына адалдығының жарқын көрінісі.

 

Алдыңғы жаңалық

САУРАН: ДАЛА ЖӘНЕ ОРМАН ӨРТТЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Келесі жаңалық

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі