kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САУРАН АУДАНЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

26 мая, 2025
in Жаңалықтар, Туризм, Экология
0
САУРАН АУДАНЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
0
SHARES
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сауран ауданы, Шаға ауылдық округіндегі Молда Муса жалпы орта мектебінде маңызды мәжіліс өтті. Жиынға ауданымыздағы барлық мектеп директорлары қатысты. Кездесу барысында оқушылардың 2025 жылғы жазғы каникул кезеңіндегі демалысын ұйымдастыру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және пайдалы уақыт өткізу шаралары жан-жақты талқыланды.

Мәжіліске арнайы қатысқан Сауран ауданының прокуроры А.Асылбеков, аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, Сауран аудандық білім бөлімінің басшысы Ғ.Әнетбеков мектеп басшыларына жазғы демалыс уақытында балалардың бос уақытын тиімді өткізудің маңыздылығын атап өтіп, бірқатар нақты ұсыныстар мен міндеттер жүктеді.

Кездесу барысында жазғы лагерьлер жұмысы, балалардың еңбекке баулу шаралары, қауіпсіздік талаптары және ата-аналармен тығыз байланыс орнату мәселелері қозғалды. Барлық қатысушылар ортақ жауапкершілік пен үйлесімді жұмыстың қажеттілігіне назар аударды.

Жиын қорытындысында мектептерге жазғы демалысқа қатысты іс-шаралар жоспарын пысықтау, оқушылардың белсенді демалысын ұйымдастыруда креативті, қауіпсіз және тәрбиелік мәні зор бағыттарға басымдық беру ұсынылды.

 

Алдыңғы жаңалық

ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСТА ҮЛКЕН ЖЕТІСТІК

Келесі жаңалық

ЖЕҢІСКЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі