kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖЕҢІСКЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ!

26 мая, 2025
in Жаңалықтар, Спорт
0
ЖЕҢІСКЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА  ӨНЕГЕ!
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сауран ауданындағы №4 жалпы білім беретін мектебінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Есімі мәңгі өшпейді – Елім деп өткен ерлердің» атты тоғызқұмалақ жарысы өткізілді.

Жарысқа 5–6, 7–8 сынып оқушылары мен кіші жасөспірім ұлдар және қыздар қатысып, өзара тартысты ойын көрсетті.

Нәтижесінде үздік шыққан оқушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бұл игі іс-шара жас ұрпақтың ұлттық ойынға деген қызығушылығын арттырып, Отанға деген сүйіспеншілігін нығайта түсті.

Тоғызқұмалақ – қазақ халқының ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болған зияткерлік ойыны. Бұл ойын тек көңіл көтеру құралы ғана емес, логикалық ойлау, стратегиялық шешім қабылдау, шыдамдылық пен зерделі есеп жүргізуге үйрететін ұлттық мәдени мұраның ажырамас бөлігі.

Тоғызқұмалақтың тарихы бірнеше мыңжылдықты қамтиды. Ойын көшпелі халықтың өмір салтына сай дамып, балалар мен ересектердің ой-өрісін кеңейтуге, есептеу қабілетін арттыруға ықпал еткен. Ойын 9 отаудан және бір «қазаннан» тұрады. Әр ойыншының мақсаты – қарсыласынан көбірек құмалақ жинау. Тоғызқұмалақ бүгінде халықаралық деңгейде танылып келеді. Әлемнің 30-дан астам елінде ойнаушылар бар. Қазақстанда арнайы федерация жұмыс істейді, мектептер мен колледждерде үйірмелер ашылған. Ойын түрлі деңгейдегі турнирлерде – мектепішілік, аудандық, республикалық, халықаралық жарыстарда кеңінен ойналады. Ойын баланың ойлау қабілетін дамытып, сабырлыққа, байыптылыққа, дұрыс шешім қабылдауға баулиды. Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, рухани тәрбиені нығайтуға септігін тигізеді. Сонымен қатар, тоғызқұмалақ – ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енген ойын.

Тоғызқұмалақ – қазақ халқының ақыл-ой мәдениетінің көрінісі. Ұрпақты білім мен парасаттылыққа баулитын бұл ойын қазіргі таңда жаңа деңгейге көтеріліп, ұлттық құндылықтың жарқын үлгісіне айналды. Оны дәріптеу – рухани жаңғырудың нақты көрінісі.

Алдыңғы жаңалық

САУРАН АУДАНЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келесі жаңалық

ЖЕҢІСКЕ ДЕГЕН ЖІГЕР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ БАСТАУЫ!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі