kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

28 мая, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам, Әлеумет
0
ТҮРКІСТАНДА  ОТБАСЫН  ҚОЛДАУ  ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
0
SHARES
27
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Еңбек және халықтық әлеуметтік  қорғау министрінің кеңесшісі Фарида Сағындық пен БҰҰ Балалар қорының үйлестірушісі  Азамат  Жаманчинов Түркістан облысына келіп,бір қатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Сапар аясында Түркістан қалалық «Отбасын қолдау орталығының» қызметтіне назар аударылып,отбасылық құндылықтарды  қолдауға бағытталған жобалар талқыланды. Жергілікті бөлім басшысы  Элмира Бейсенова орталықтың  тыныс-тіршілігін таныстырып, нақты нәтижелермен бөлісті. Сондай-ақ, Фарида Сағындықтың қатысуымен  Түркістан қаласында өмірлік қиын жағдайдағы  адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға  жан-жақты  көмек көрсету  бойынша  мобильдік топ мүшелерінің өзара іс-қимыл  алгоритмі, FSM Social мобильдік  қосымшасымен жұмыс жасауға арналған оқыту семинары өтті. Жалпы жүйелі жұмыс –жарқын  болашақтың кепілі болып табылады.

Сапар барысында мәртебелі меймандар Түркістан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты «Отбасын қолдау орталығы» КММ қызметімен танысып, орталықтың отбасылық құндылықтарды дәріптеу жолындағы жүйелі жұмыстарына қанықты.

Шараға облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Күміс Кемелқызы қатысып, қолдау білдірді. Орталықтың тыныс-тіршілігін, қызмет бағытын, халыққа көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмектер мен жетістіктерін қалалық бөлім басшысы Элмира Бейсенова кеңінен таныстырып, нақты нәтижелермен бөлісті.

Бұл сапар – қоғамның іргетасы саналатын отбасы институтын қолдауға бағытталған маңызды қадам. Кездесу аясында тәжірибе алмасу мен алдағы ауқымды жоспарлар талқыланып, серіктестікті нығайту жолдары қарастырылды.

Отбасына тірек – елге береке!

Алдыңғы жаңалық

“ӨНЕРІМ - КӨҢІЛ ШУАҒЫМ”

Келесі жаңалық

ҚАЛА ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі