kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

28 мая, 2025
in Жаңалықтар, Экономика, Қоғам
0
КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жол инфрақұрылымын дамыту мәселесіне ерекше назар аударып, бірнеше маңызды тапсырмалар берді.

Осы ретте, қала әкімі Жандос Тасов қаладағы жол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстарының барысын бақылап, бірқатар нысандарды аралады. Атап айтқанда, қаладағы Сүйіндіков және Ш.Ниязов көшелерінде жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарын назарға алды.

2025 жылы Кентау қаласы бойынша жалпы ұзындығы 6,3 шақырымды құрайтын 5 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл өз кезегінде қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, көлік қозғалысын жеңілдетуге септігін тигізбек.

Сонымен қатар, биылғы жылы “Ауыл – Ел бесігі” бағдарламасы аясында қалаға қарасты ауылдарға жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, Қарнақ ауылындағы 5 көшеге және Хантағы ауылындағы тағы 5 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр. Бұл жобалар ауыл тұрғындарының күнделікті тіршілігіне оң әсерін тигізіп, инфрақұрылымның дамуына серпін бермек.

Қала әкімі жұмыс сапары барысында жауапты сала мамандарына жөндеу жұмыстарының сапасына ерекше көңіл бөліп, белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып, келешекте тағы да бірқатар көшелерге жөндеу жүргізу мәселесі қарастырылатынын жеткізді.

Алдыңғы жаңалық

КЕНТАУДА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Келесі жаңалық

КЕНТАУЛЫҚТАР ҚОҚЫС ЖИНАУДАН ЖАРЫСТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі