kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУЛЫҚТАР ҚОҚЫС ЖИНАУДАН ЖАРЫСТЫ

28 мая, 2025
in Жаңалықтар, Экология, Қоғам
0
КЕНТАУЛЫҚТАР ҚОҚЫС ЖИНАУДАН ЖАРЫСТЫ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» бастамасын еліміздің экологиялық мәдениетін қалыптастыру мен қоғамның ішкі тазалығын арттыруға бағытталған маңызды жалпыұлттық жоба ретінде бағалайды. Ол бұл бастаманың уақытша науқан емес, әр азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс екенін бірнеше рет атап өтті.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Кентау қаласының Хантағы ауылында ерекше форматтағы тазалық шарасы ұйымдастырылды.

«Қаратау қорығы» аумағында өткен бұл шара — жүгіріп жүріп қоқыс жинау, яғни плоггинг түрінде өтті. Шараның мақсаты — қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру, жастарды экологиялық сауаттылыққа баулу және тұрғындардың табиғатқа жанашырлығын арттыру.

Іс-шараға Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов арнайы қатысып, табиғатты аялауға белсенді үлес қосқан барлық қатысушыларға ризашылығын білдірді. Ол өз сөзінде қоршаған ортаның тазалығы — адам өміріндегі басты құндылықтардың бірі екенін атап өтті.

Жарысқа қаладағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, қалалық мәслихат депутаттары, колледж студенттері мен еріктілерден құралған 35 команда қатысты. Плоггинг барысында 15 арнайы техника жұмылдырылып, 300-ден астам қап қоқыс шығарылды. Жалпы шараға 500-ден астам адам атсалысты.

Тазалық эко-жарысының қорытындысы бойынша белсенділік танытқан командалар жүлделі орындарға ие болып, Кентау қаласының әкімі Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

Табиғатты қорғау — тазалықтан басталады. Ал, тазалық әр адамның өзінен бастау алады.

Таза Қазақстан» — еліміздің жарқын болашағы үшін маңызды бастама. Табиғатты қорғау, қоқысты сұрыптау және қоршаған ортаны таза ұстау — әр азаматтың борышы. Бұл жоба экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған. Таза орта — денсаулық кепілі. Біз табиғатты аялау арқылы болашақ ұрпаққа көркем, қауіпсіз Қазақстан қалдырамыз.

Алдыңғы жаңалық

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Келесі жаңалық

АУЫЛДАРҒА ГАЗ ҚҰБЫРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі