kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АУЫЛДАРҒА ГАЗ ҚҰБЫРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

28 мая, 2025
in Жаңалықтар, Экономика, Қоғам
0
АУЫЛДАРҒА ГАЗ ҚҰБЫРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Халықты табиғи газбен қамтамасыз ету – ел дамуының, халықтың әл-ауқатын арттырудың және қоршаған ортаны қорғаудың маңызды тетігі. Газдандыру тек тұрмыстық жағдайды жеңілдетіп қана қоймай, экономика, экология және әлеуметтік тұрақтылық тұрғысынан да үлкен рөл атқарады. Әлеуметтік-тұрмыстық қолайлылық тұрғысынан алатын болсақ, табиғи газ – қауіпсіз әрі қолжетімді энергия көзі. Газ үй жылыту, тамақ дайындау, ыстық сумен қамтамасыз ету секілді күнделікті қажеттіліктерді оңай әрі тиімді шешеді. Ауылдық жерлерде қатты отынмен жылытудан арылу тұрғындардың тұрмысын айтарлықтай жеңілдетеді. Ал, экономикалық тиімділік тарапынан газ отыны көмір мен сұйық отынға қарағанда арзанырақ әрі үнемдірек. Үй шаруашылықтары мен кәсіпкерлер үшін бұл – тұрақты жылу, тиімді өндіріс пен шығындарды азайту мүмкіндігі. Сонымен қатар, газ тартылған өңірлерге инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу ықтималдығы жоғары. Экологиялық пайдасы ол  – экологиялық таза отын түрі. Оның жануынан кейін ауаға зиянды қалдықтар аз мөлшерде бөлінеді. Бұл – ауа сапасының жақсаруына, көмір мен ағаш жағудан туындайтын түтін мен қалдықтардың азаюына алып келеді. Яғни, қоршаған ортаны қорғауға зор үлес қосады. Газдандыру ауылдар мен қалаларда тұрғындардың денсаулығына әсер ететін көмір түтіні мен иіс газын жоюға ықпал етеді. Бұл әсіресе балалар мен қарт адамдардың тыныс алу жолдарына оң әсерін тигізеді.

Газдандыру – өмір сапасының көрсеткіші. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, елді мекендерді газбен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл – болашаққа салынған инвестиция, жайлы өмір мен жасыл экономикаға бастайтын жол. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл бастамалары Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға және халықтың өмір сүру сапасын көтеруге бағытталған.

Осы орайда, Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жеткізуші газ құбырының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жобаға сәйкес, жалпы газ құбырының ұзындығы 12,5 шқ. Бүгінгі таңада,  4,5 шқ газ құбырының құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Құрылыс жұмыстары толық аяқталғаннан кейін, Хантағы ауылын толық табиғи газбен қамтамасыз етілу жоспарлануда.

Жалпы, Кентау қаласында 18000 абоненттің 15319 абоненті, яғни 85% табиғи газ жүйесіне қосылған.

Сонымен қатар, Шоқтас және Байылдыр ауылдары табиғи газ жүйесіне қосылды. Халықты табиғи газбен қамтамасыз ету – ел дамуының, халықтың әл-ауқатын арттырудың және қоршаған ортаны қорғаудың маңызды тетігі. Газдандыру тек тұрмыстық жағдайды жеңілдетіп қана қоймай, экономика, экология және әлеуметтік тұрақтылық тұрғысынан да үлкен рөл атқарады.

Алдыңғы жаңалық

КЕНТАУЛЫҚТАР ҚОҚЫС ЖИНАУДАН ЖАРЫСТЫ

Келесі жаңалық

КЕНТАУДА 1- МАМЫР - ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі