kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУДА 1- МАМЫР — ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

28 мая, 2025
in Жаңалықтар, мәдениет, Қоғам
0
КЕНТАУДА 1- МАМЫР — ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған құттықтауында ел бірлігі мен татулығының ел дамуының басты тірегі екенін ерекше атап өтті.

Қазақстан халықтарының бірлігі күні – Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке. Мереке 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан президенті жарлығы бойынша 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні деп жарияланды. «Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Сондықтан да, Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлайды. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мерекенің орны ерекше.

Осы ретте, Кентау қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен 1 Мамыр — бірлік күніне арналған “Ынтымағы жарасқан Кентау” атты мерекелік іс-шара ашық аспан астында кең көлемде ұйымдастырылды.

Бұл мейрам – еліміздегі түрлі ұлт өкілдерін бір шаңырақ астында біріктіріп, достық пен татулықты дәріптейтін ерекше күн. Мерекелік жиында сөз алған қала әкімі Жандос Тасов қала тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады.

— Бұл күн әртүрлі ұлт өкілдерін бір шаңырақ астында біріктіріп, өзара сыйластық пен достықты нығайтатын маңызды мейрам. Қаламызда сан түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, туған жеріміздің дамуына өз үлесін қосып келеді. Бұл – біздің ортақ жетістігіміз әрі мақтанышымыз, – деді қала басшысы өз сөзінде.

Сонымен қатар, қалалық маслихат төрағасы Қаблан Елеусізов, этно-мәдени орталықтың төрағалары мерекемен құттықтап, елдің ынтымағын тіледі.

Шара барысында қаланың өнерпаздары түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық әндері мен билерін орындап, жиналған қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мереке аясында ел ішіндегі ұлтаралық келісім мен бейбітшіліктің, этносаралық татулықтың маңыздылығы айқын көрініс тапты.

Алдыңғы жаңалық

АУЫЛДАРҒА ГАЗ ҚҰБЫРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Келесі жаңалық

КЕНТАУДА ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ҰЛЫҚТАЙТЫН БАЙҚАУ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі