Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық рухты көтеру мен нығайту мәселесіне ерекше мән беріп, бұл бағытта бірнеше маңызды бастамалар мен пікірлерін білдірді.
Президент бұл үрдістердің ұлттық рухты көтеруге ықпал ететінін және жастардың дәстүрге деген құрметін арттыратынын жеткізді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл бастамалары ұлттық рухты көтеру, тарихи және рухани құндылықтарды сақтау, сондай-ақ жастардың дәстүрге деген құрметін арттыру мақсатында жүзеге асырылуда.
Кентау қаласының 70 жылдығына орай, Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында ұлттық дәстүріміздің алтын қазығы — бата өнерін насихаттау мақсатында «Баталы елге бақ қонар» атты облыстық байқау өтті.
Байқауға облысқа қарасты аудан-қалалардан он жеті қария қатысып, үш кезең бойынша өзара жарысты. Қатысушылар бірінші кезеңде баталарды жатқа, мәнерлеп айтып сынға түссе, екінші кезеңде, өз жанынан салт-жоралғыға байланысты бата берді. Үшінші кезеңде салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар, ақсақалдардың бата бергендегі сөз саптауы мен сыртқы киіміне де қосымша баға берілді.
Ұлттық рухты, салт-дәстүрді дәріптеген бұл сайыста өңіріміздің шешен де шежірелі батагөй қариялары бақ сынасты.
Нәтижесінде, Шардара ауданынан келген Ілесов Қыстау Інайұлы — Бас жүлде иегері атанды. І орын – Сауран ауданы — Әшенов Өтеген Баймолдаұлы, ал ІІ орынды – Кентау қаласынан — Қанай Әбілда Рахматуллаұлы мен Түркістан қаласынан келген Бейсебайұлы Тәліп, ІІІ орынды Жетісай ауданынан қатысқан Талдыбай Асылбеков, Қазығұрт ауданы Сатыбалды Бердияров, Созақ ауданынан Өтепбай Имашовтар ие болды.
Бұл байқау “Батаменен ел көгерер”, — деген халық даналығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Ұлттық мұраны ұлықтау — болашаққа салынған рухани көпір.

