2023 жылғы 5 қазанда өткен Республикалық педагогтер съезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың ел дамуындағы рөліне ерекше тоқталып, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мен білім сапасын арттыру бағытында бірқатар маңызды мәлімдемелер жасады.
Президенттің айтуынша, 2019 жылы қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» заң ұстаздардың құқықтарын қорғауға және олардың беделін арттыруға бағытталған. Соңғы төрт жылда мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті, балабақша тәрбиешілерінің айлығы 30 пайызға көбейді, еңбек демалысы ұзартылды, және мұғалімдердің міндетіне кірмейтін артық жұмыстар алынып тасталды. Сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасы аясында үш жылда 220-ға жуық педагог шетелде оқып келді, ал педагогикалық мамандықтағы студенттердің стипендиясы 2,5 есе артты.
Президент білім беру жүйесін жаңа деңгейге шығару үшін ауқымды цифрлық трансформациялау жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтты. Ол 2027 жылға дейін интернет желісі әлі тартылмаған мектептердің бәрін жылдамдығы жоғары интернетке қосу қажет екенін, бұл ретте олардың әрқайсысында жергілікті желі орнатылуы керек екенін атап өтті. Сондай-ақ, барлық мектеп оқушысына сапалы оқыту контенті бар озық цифрлық платформалардың, соның ішінде электронды оқулықтардың қол жетімділігін қамтамасыз ету қажет екенін айтты.
Президент тәрбие ісінде ұлттық педагогика бастауларын назардан шығармау керектігін, балалардың бойына қазақтың салт-дәстүрі мен құндылықтарын сіңіру аса маңызды екенін айтты.
Осы орайда, Түркістан облысы білім басқармасы “Білім беруді дамыту орталығы” КММ ұйымдастыруымен өткен 17 аудан-қала педагогтері арасында “Robotur V” облыстық робототехника байқауы өтті.
Байқауға Кентау қаласының ұстаздары да қатысып өз тәжірибелері мен біліктіліктерін көрсетіп, мықтылықтарымен тәнті етті.
«Robotur V» облыстық байқауында Кентау қаласының атынан қатысқан «Кентау Robotics» командасы “Үздік команда” атанды.
Байқаудың негізгі мақсаты – Облыстық роботехника педагогтерінің шығармашылық және кәсіби өсуін ынталандыру, озық тәжірибелерін жинақтау және тарату, өзіне деген сенімділікті,сыни ойлауды, тәжірибеге
бағытталған оқыту арқылы жобалау дағдыларын және топтық жұмыс дағдыларын дамыту.
Үздіктер қатарында түрлі бағыттар бойынша озық ойын көрсеткен ұстаздар түрлі номинациялармен мараптталды.
Атап айтқанда, Лабиринт бағыты бойынша №22 М.Әуезов атындағы мектеп гимназиясының ұстазы Сахиба Шарипова 2-орын, Садақ ату бағыты бойынша Кентау оқушылар үйінің ұстазы Гулзира Мусирепова 2-орын, First Lego leagy chalenlge және Robo game бойынша бір топ ұстаздар Фаррух Хамидов, Бекзат Мақсат, Азиза Бектас, Ақниет Елемесова, Мухаммаджан Аманбаев, Шерзод Ташпулатов “Үздік жоба” номинациясын иеленсе, Үздік көрме бойынша Гүлжайна Мырзакерімова, Балхия Жұмабекова арнайы Алғыс хатпен марапатталды.

