kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚАЛА ӘКІМІ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

28 мая, 2025
in Жаңалықтар, мәдениет, Руханият, Қоғам
0
ҚАЛА ӘКІМІ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
0
SHARES
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы этномәдени саясаттың негізгі қағидаттарын бірнеше рет атап өтті. Ол еліміздегі этносаралық келісім мен бірлікті сақтау, түрлі этностардың мәдениетін дамыту және олардың қоғамға толыққанды интеграциялануын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше мән берді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстанда этносаралық және конфессияаралық қатынастарды ешқашан саясат немесе түрлі арандату құралына айналдыруға болмайды. Бұл – мемлекеттің де, бүкіл қоғамның да бұлжымас қағидасы. Ол елімізде адамды ұлтына, тіліне, дініне қарай кемсітуге жол берілмейтінін және барша азаматтарға бірдей мүмкіндік берілгенін атап өтті. Бұл – әділдік пен әділетті мемлекеттің ажырамас бөлігі.

Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында еліміздегі этностар арасындағы бірлік пен келісімді нығайтуда театр мен мәдениеттің рөліне ерекше тоқталды.

Президент Қ.Тоқаев ел дамуына өзге этностардың қосып жатқан үлесін мемлекеттік тілде насихаттайтын ақпарат құралдарын барынша қолдауды тапсырды. Ол мәдениетіміздің әралуандығын көрсететін ерекше ақпаратты әзірлеу қажет екенін және қазақ тілді аудиториямен жұмыс жүргізудің маңыздылығын атап өтті .

Мемлекет басшысы этникалық анклавтардың туындауына, мәдени және тілдік кедергілерге, этносаралық шиеленістер мен қақтығыстарға әкеліп соғатын әлеуметтік-мәдени оқшаулануға қатысты қатерлерге тоқталды. Ол мұндай қатерлердің алдын алу үшін еліміздегі қалалар мен ауылдарда, оқшауланған этникалық аудандар мен кварталдардың қалыптасуы сияқты жағымсыз тенденцияны еңсеруге бағытталған жүйелі шаралар әзірлеу қажеттігін айтты .

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осыған орай, Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қалалық ҚХА жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестік төрағаларымен дөңгелек үстел форматында кездесу өткізді.

Жиынға Ақсақалдар алқасы, Ардагерлер кеңесі, қоғамдық кеңес мүшелері, ауыл ақсақалдары, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты. Кездесу барысында Кентау қаласы мен оған қарасты ауылдарда қоғамдық келісімді нығайту, этносаралық татулықты арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама тыңдалды. Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ Кентау қалалық филиалының басшысы Бахытжан Әшірбаев баяндама жасап, қатысушылар тарапынан сұрақтарға жауап берді, ұсыныс-пікірлер ортаға салынды.

Жиын ашық диалог форматында өтіп, өзара пікір алмасуға ұласты. Қала әкімі Жандос Тасов өз сөзінде:

«Қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы – ел тарихындағы маңызды белес. Бұл ұйым татулық пен келісімнің темірқазығына айналып, ел дамуында ерекше рөл атқарып келеді», – деді.

Жиын соңында бірқатар азаматтар «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалімен, «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және қала әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Алдыңғы жаңалық

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ҰСТАЗДАРЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДА ТОП ЖАРДЫ

Келесі жаңалық

КЕНТАУДА «ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі