kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Білім

КЕНТАУДА «ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

28 мая, 2025
in Білім, Жаңалықтар, мәдениет, Қоғам
0
КЕНТАУДА «ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде оқу мәдениетін дамыту мен кітап оқуды дәріптеуге ерекше назар аударып келеді. Оның бастамасымен Қазақстанда 2025 жылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні ретінде ресми түрде аталып өтуде.

Президент Қ.Тоқаев Ұлттық кітап күнін белгілеу арқылы қоғамда білімге құштарлық пен кітап оқуға деген сүйіспеншілікті арттыруды көздеді. Ол бұл мерекенің жастарды кітап оқуға баулып, ұлттың рухани дамуына үлес қосатынын атап өтті.

Президент Қ.Тоқаев кітапхана ісінің маңыздылығына тоқталып, елімізде заманауи кітапханалар салу қажеттігін айтты. Ол Алматы мен Астанада тәулік бойы жұмыс істейтін заманауи кітапханалар салу туралы тапсырма берді. Сондай-ақ, облыс әкімдеріне кітапханаларды жаңғырту тәжірибесін жалғастыруды ұсынды.

Мемлекет басшысы отандық кітап өндірісін дамыту қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Ол қазақ тіліндегі әдебиеттің үлесін арттыру және ұлттық мүддеге сай келетін кітаптарды көптеп басып шығару маңызды екенін айтты. Сондай-ақ, отандық кітап баспаларын қолдау мақсатында қосылған құн салығынан босату жөнінде ұсыныс енгізілді.

Осы ретте, Кентау қаласында «Ұлттық кітап күніне» орай ашық аспан аясында қалалық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті.

Шара аясында балалар мен жасөспірімдерге арналған түрлі танымдық және мәдени шаралар өткізілді. Қатысушылар кітапхана қызметкерлерінің әзірлеген мерекелік дайындықты тамашалап, кітап оқу мәдениеті мен кітапхананың маңыздылығы туралы ақпарат алды. Іс-шараның мақсаты — адамзатты кітапқа деген қызығушылығын арттыру және оқу мәдениетін дамыту болды.

Бұл шара Ұлттық кітап күніне арналған республикалық кітап апталығының бір бөлігі ретінде ұйымдастырылды. Апталық аясында еліміздің түкпір-түкпірінде кітап көрмелері, әдеби байқаулар, ашық есік күндері және басқа да мәдени іс-шаралар өткізілуде.

Кентаудағы бұл бастама балалар мен жастардың кітапқа деген қызығушылығын оятып, оқу мәдениетін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.

Алдыңғы жаңалық

ҚАЛА ӘКІМІ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Келесі жаңалық

КЕНТАУДА АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі