kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Білім

КЕНТАУДА АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

28 мая, 2025
in Білім, Жаңалықтар, Әлеумет
0
КЕНТАУДА АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл мектептеріндегі дарынды балаларды анықтау, қолдау және олардың әлеуетін ашу мәселесін бірнеше рет көтеріп, бұл бағытта нақты тапсырмалар берді. Ол ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасының айырмашылығын азайтып, дарынды ауыл оқушыларына тең мүмкіндік беру қажеттігін атап өтті.

«Ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтықты жою қажет. Дарынды балаларды ерте анықтап, арнайы білім беру бағдарламаларын ұсыну керек»,- деп мәлімдеді.

Сонымен қатар, ауыл мектептеріне жас мұғалімдерді тарту үшін әлеуметтік қолдау шаралары кеңейтілуде. Президент ауыл ұстаздарының біліктілігін арттыру және жаңа әдістемелерді енгізу арқылы дарынды оқушылардың қабілетін дамытуға жағдай жасау қажет екенін айтты.

Президент бұл үшін ауыл мектептерін зияткерлік және қоғамдық даму орталығына айналдыруды ұсынды.

Президент ауыл мектептерін жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтуды және заманауи цифрлық құралдарды енгізуді тапсырды. Бұл дарынды балалардың онлайн білімге, олимпиадаларға және халықаралық жобаларға қатысуына мүмкіндік береді.

Осы ретте, Кентау қаласы Қарнақ ауылындағы Махмуд Қашғари атындағы мектеп-лицейінде «Білімді жастар – жарқын болашақтың кепілі» тақырыбында салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара барысында республикалық және облыстық деңгейдегі пәндік олимпиадаларда жоғары нәтижелер көрсеткен үздік оқушылар, олардың ата-аналары мен ұстаздары арнайы марапатталып, құрметке ие болды.

Салтанатты жиынға Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова қатысып, оқушылардың жетістіктеріне жоғары баға беріп, алғыс сөзін арнады. Ол білім саласындағы табыстардың ел болашағы үшін аса маңызды екенін атап өтті.

Мектеп оқушылары соңғы жылдары республикалық білім сайыстарында топ жарып, оқу ордасының еліміздегі «100 үздік мектептің» қатарына енуіне зор үлес қосты. 2024–2025 оқу жылында республикалық пәндік олимпиадаға қатысқан 36 оқушының 35-і жүлделі орындарды иеленіп, білім сапасының биіктігін дәлелдеді.

Махмуд Қашғари атындағы мектеп-лицейде қазіргі таңда 62 сыныпта 1402 оқушы білім алуда. Мектеп ұжымында 160 жоғары білімді педагог қызмет етеді. Оқу орны дарынды балалармен жұмыс жасауда үздік тәжірибелерді енгізіп, жүйелі түрде қолдау көрсетіп келеді.

Қалалық білім бөлімі мен білім беру ұйымдары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау бағытында мақсатты жұмыстар жүргізіп, оқушылардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға барынша жағдай жасауда.

Алдыңғы жаңалық

КЕНТАУДА «ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

Келесі жаңалық

КЕНТАУДА КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі