kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Билік

КЕНТАУДА КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

28 мая, 2025
in Билік, Жаңалықтар, Саясат
0
КЕНТАУДА КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аппараттық жиындар мен кеңестердің тиімділігіне ерекше назар аударған. Ол бюрократиялық кедергілер мен жауапкершіліктен жалтаруды сынға алып, нақты шешімдер мен нәтижелерге басымдық беру қажеттігін атап өтті. Мысалы, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент: «Әкімдер мен министрлерге сөгіс пен ескерту жасалды. Мұндай жазаны басқа да басшыларға беруге болады. Біз әлеуметтік-экономикалық дамудың аса күрделі кезеңінде тұрмыз. Үкімет пен әкімдерге одан әрі ушыға түсетін дағдарыстан шығу үшін тиімді әрі батыл іс-әрекеттер керек» деді.

Президенттің пікірінше, аппараттық жиындар нақты нәтижелерге бағытталуы тиіс, ал жауапты тұлғалар өз міндеттерін адал атқаруы қажет.

Осы бастамаларды негізге ала отырып жұмыс жасау барысында Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтті. Жиналысқа қала әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, бөлім және мекеме басшылары қатысты.

Аппараттық мәжілістің күн тәртібінде үш негізгі мәселе қаралды. Бірінші болып қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы И.Азизбаев баяндама жасап, Кентау қаласы және оған қарасты ауылдардың 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жергілікті бюджеттің орындалуы жөнінде ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, 2025 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша Кентау қаласының даму көрсеткіштері мен бағалау жүйесі индикаторларының орындалу барысына тоқталды. Келесі болып қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А. Абуов қала және ауылдардағы жер қойнауын заңсыз пайдалану фактілерінің алдын алу және болдырмау бағытында атқарылған шаралар жөнінде баяндады.

Жиын қорытындысында қала әкімі тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, жұмыстардың тиімділігі мен сапасын арттыруды тапсырды.

Алдыңғы жаңалық

КЕНТАУДА АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Келесі жаңалық

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРМЕН ЕРЕКШЕ ЖҰМЫС

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі