kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖАНДОС ТАСОВ ЧЕРНОБЫЛЬ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

28 мая, 2025
in Жаңалықтар, мәдениет, Руханият, Әлеумет
0
ЖАНДОС ТАСОВ ЧЕРНОБЫЛЬ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан қазақстандықтардың ерлігіне жоғары баға беріп, олардың жанқиярлығын ұдайы атап өтеді. Мемлекет басшысы бұл оқиғаны ядролық қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтау жолындағы маңызды сабақ ретінде қарастырады.

1986 жылы Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жою жұмыстарына 32 мыңнан астам қазақстандық қатысты. Олардың көпшілігі денсаулығына зиян келіп, кейбірі өмірімен қоштасты. 2020 жылы Президент Қ.Тоқаев «Ардагерлер туралы» заңға қол қойды. Бұл заңға сәйкес, Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан азаматтар соғыс ардагерлерімен теңестіріліп, әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз етілді.

Президент Қ.Тоқаев ядролық қарудан бас тарту мен ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін халықаралық деңгейде көтеріп келеді. Ол Қазақстанның ядролық қарусыздану жолындағы бастамаларын атап өтіп, ядролық қарудан азат әлем құру идеясын қолдайды.

Президент Қ.Тоқаевтың Чернобыль апатына қатысты ұстанымы — ядролық қауіпсіздік, тарихи әділеттілік және ардагерлерге құрмет көрсету қағидаттарына негізделген. Бұл бағыттағы мемлекеттік саясат алдағы уақытта да жалғасын табады.

Биыл Чернобыльдағы ядролық жойқын жарылыс апатының орын алғанына – 39 жыл. Осы бастамалар негізінде Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов Чернобыль апатының ардагерлерімен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы ардагерлерге алғыс айтып, олардың ерлігі мен елге сіңірген еңбектерін жоғары бағалады.

«1986 жылы орын алған бұл техногендік апат адамзат тарихындағы ең ірі ядролық апат ретінде есте қалды. Сол қиын-қыстау кезеңде сіздер от пен радиация ортасында жүріп, апаттың зардабын жоюға белсене атсалыстыңыздар. Бүгінгі таңда өз өмірлік жолдарыңызбен ерлік істеріңізбен жас ұрпаққа үлгі болып, оларды патриоттық рухта тәрбиелеуге сүбелі үлес қосуға әрқашанда дайын екендіктеріңізді көрсетіп келесіздер»,- деп ерліктеріне алғыс білдірді.

Сондай-ақ, ардагерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту және оларға қолдау көрсету мәселелері талқыланды. Кездесу барысында Чернобыль ардагері Махсутхан Аккулиев ұрпақ тәрбиесіне қажетті мәселерді атап, білімді ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған бірқатар ұсыныстарын жолдады.

Қала әкімі Жандос Тасов ардагерлердің батырлығын кейінгі ұрпаққа үлгі ету қажеттігін және олардың ерлігін ұмытпауымыз керектігін баса айтты.

Кездесу соңында ардагерлер қала әкімінің алғыс хатымен марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.

Алдыңғы жаңалық

КЕНТАУ: ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН “РУХАНИЯТ БАРЫСЫ-2025” ТУРНИРІ ӨТТІ

Келесі жаңалық

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЛЕЗДЕМЕЛІК ЖИЫН ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі