«Салауатты ұлт – мықты мемлекет негізі. Бұл бағыттағы барлық жұмыс жүйелі түрде, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның белсенді қатысуымен жүргізілуі тиіс. Ұлттық құндылықтарымыз – елдігіміздің тірегі. Сол құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіру – ортақ парызымыз», – деп атап өткен Мемлекет басшысы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев салауатты өмір салтын қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселесіне ерекше көңіл бөліп, бірқатар нақты тапсырмалар берген.
Нақты тапсырмалары:
— Жергілікті атқарушы органдарға халық арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған кешенді бағдарламаларды жүзеге асыруды жүктеді;
— Білім беру және денсаулық сақтау министрліктеріне мектептер мен колледждерде дене шынықтыру, спорттық және тәрбиелік іс-шаралар аясын кеңейтіп, жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуді тапсырды;
— Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне ұлттық рухани құндылықтарды дәріптейтін медиаөнімдер мен ақпараттық науқандарды күшейтуді міндеттеді;
— Спорттық инфрақұрылымды дамыту, бұқаралық спортты қолдау, ауылдық жерлерде дене тәрбиесін жетілдіру мәселелерін Үкіметтің басты назарында ұстау қажет екенін айтты.
Президенттің бұл тапсырмалары мен ұстанымдары қоғамдық денсаулықты нығайтуға, рухани жаңғыру мен ұлттық сананы қалыптастыруға бағытталған ұзақ мерзімді стратегиялық бастамалардың негізін қалайды.
Осы ретте,“Кентау қалалық Руханият орталығының” құрылғанына 1 жыл толуына орай, салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жастарды қазақ күресімен шұғылдануға тарту арқылы олардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру мақсатында дін қызметкерлері және мешіт жамағаттары арасында “РУХАНИЯТ БАРЫСЫ-2025” атты турнир өтті.
Жалпы саны 26 азамат қатысқан бұл турнирде 1 орынды “Әмина” мешітінің имамы Жақсыбаев Анарбек, 2 орынды Ащысай ауылының жамағаты Тауасаров Жасарал, ал 3 орынды “Әлі Бекен” мешітінің жамағаты Болысбеков Мұқағали иеленді.
Турнир соңында жеңіске жеткен жеңімпаздарға арнайы қаржылай жүлде мен арнайы дипломдар табыс етілді.

