kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУДА ІШКІ ОРАМ ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

1 июня, 2025
in Жаңалықтар, Саясат, Экология, Қоғам
0
КЕНТАУДА ІШКІ ОРАМ ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛУДА
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жылу жүйесінің қазіргі жағдайына алаңдаушылық білдіріп, оны жаңғырту және тиімділігін арттыру қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Президенттің  бастамалары жылу жүйесінің тиімділігін арттыру, экологиялық таза энергия көздеріне көшу және халықты сапалы жылумен қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл шаралар еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға септігін тигізеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі орамдық жылу жүйелерінің тозуына алаңдаушылық білдіріп, олардың жаңғыртылуын басты міндеттердің бірі ретінде атап өтті. Ол өңірлердегі жылу орталықтары мен құрал-жабдықтардың 80%-ы әбден тозғанын айтып, бұл жағдайдың көп жылғы салғырттықтың салдары екенін жеткізді. Президент Үкімет пен әкімдіктерге жылу желілерін жаңарту жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Соған байланысты салаға түбегейлі реформа жүргізу қажеттігін алға тартып, жүйелі жұмыс керектігін атап өтті. Мысалы, тарифтерді ұзақ уақытқа белгілеу керектігін, сонда межелі уақыт ішінде салынған инвестиция ақталып, инфрақұрылым нысандары тиісті қалыпта сақталатынын айтты.

Президент бұл мәселелерді шешу үшін жүйелі жұмыс атқару қажет екенін және белгіленген мерзімді шегеруге болмайтынын ескертті.

Осы бастамалар негізінде Кентау қаласындағы ішкі орам жылу жүйелерін қайта құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Төлепов аталған құрылыс нысандарына барып, жұмыс барысымен танысты.

Жобаның бірінші және екінші кезеңдері бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары қатар атқарылуда. Бірінші кезең аясында жалпы ұзындығы 22,2 шақырымды құрайтын жылу жүйелерін қайта жаңарту көзделген. Қазіргі таңда 300 метр жылу құбырлары демонтаждалып, 180 метр құбыр қайта орнатылды.

Екінші кезең бойынша жалпы ұзындығы 44,8 шақырым болатын жылу желілерін жаңарту жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 3 шақырым құбыр демонтаждалып, 1,5 шақырым құбыр монтаждалды.

Қала әкімінің орынбасары мердігер мекемеге жұмысты сапалы әрі белгіленген мерзімге сай аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар берді. Аталған жобалар Кентау қаласының жылу жүйесін жаңғыртуға және тұрғындарды сапалы жылумен қамтамасыз етуге бағытталған.

Алдыңғы жаңалық

ТАЗА АУЛАДАН ТАЗА ҚАЛАҒА

Келесі жаңалық

КЕНТАУДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ БОЙЫНША НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі