kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Билік

КЕНТАУДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ БОЙЫНША НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

1 июня, 2025
in Билік, Жаңалықтар, Экология
0
КЕНТАУДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ БОЙЫНША НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өрт қауіпсіздігі мәселесіне ерекше назар аударып, бұл бағытта нақты тапсырмалар берді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өрт қауіпсіздігіне қатысты мәлімдемелері мен тапсырмалары бұл саланың маңыздылығын көрсетеді. Ол өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін халықтың сауатын арттыру, материалдық-техникалық базаны күшейту, жауапкершілікті арттыру және инфрақұрылымды жаңғырту қажеттігін баса айтты.

Осы бастамалар негізінде Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық жиында қала аумағындағы өрт қауіпсіздігі мәселесі кеңінен талқыланды. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары және мекеме директорлары қатысты.

Қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Серік Төлегенов табиғи және дала өрттерінің алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, биыл күннің ерте ысуы мен құрғақшылықтың күшеюі өрт қаупін арттырып отыр. Осыған байланысты демалыс аймақтарында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары күшейтілген.

Қала басшысы өрт қауіпсіздігіне қатысты насихат жұмыстарын одан әрі жандандырып, сақтық шараларын үнемі түсіндіруді тапсырды.

Сондай-ақ, жиын барысында Кентау қаласының қоғамдық тамақтану орындарының санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы қаралды. Бұл туралы басқарма басшысы Нұрбақыт Рабат баяндама жасап, қала бойынша 164 қоғамдық тамақтану нысаны бақылауға алынғанын, биыл тағамнан улану жағдайлары тіркелмегенін жеткізді.

Қала басшысы жазғы мезгілде балалар тамақтанатын орындарға ерекше назар аударып, санитариялық ағарту жұмыстарын күшейтуді ұсынды.

Жиында қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильхам Азизбаев бюджет есебінен салынған нысандардың мемлекеттік тіркеуі туралы ақпарат берді.

Қала әкімі жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, суға шомылу маусымында сақтық шараларын түсіндіру және дала өрттерін болдырмау бағытында жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Алдыңғы жаңалық

КЕНТАУДА ІШКІ ОРАМ ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

Келесі жаңалық

КЕНТАУЛЫҚ ДЗЮДОШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі