kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУДА ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

2 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
КЕНТАУДА ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй мәселесін елдегі ең маңызды әлеуметтік мәселенің бірі деп атап, халықты баспанамен қамтамасыз ету – Үкімет пен әкімдердің басты міндеті екенін бірнеше рет қадап айтты.

Мемлекет тарапынан берілетін тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды кезекке қою және есепке алу функцияларын «Отбасы банк» АҚ-на беру процесі, тұрғын үй саласындағы өзгерістер мен жаңашылдықтарды түсіндіру бойынша жиын ұйымдастырылды.

Жаңа заң бойынша, тұрғын үйді бөлу кезінде баспанаға мұқтаж азаматтарды есепке қою күні мен табыс деңгейі ескеріледі. Бұл, бірінші кезекте, тұрғын үй кезегінде ұзақ уақыттан бері тұрған адамдарды баспанамен қамтуға мүмкіндік береді

2025 жылдың 24 мамырынан бастап азаматтар тұрғын үй кезегіне онлайн түрде тіркеле алады. Бұл үшін арнайы әзірленген «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» ақпараттық жүйесі пайдаланылады. Азаматтар тіркелу үшін әкімдікке немесе банкке барудың қажеті жоқ.

Мемлекет тұрғын үйдің кемінде 70%-ын әлеуметтік осал топтарға үлестіреді. Оларға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жетім балалар, көпбалалы отбасылар, мүгедектігі бар адамдар және басқа да санаттар жатады.

Кездесуге Кентау қаласы әкімінің орынбасары Төлепов Ғалымжан және әкімдік мамандары, сондай-ақ «Отбасы банк» АҚ Түркістан облыстық филиалы директорының орынбасары Дәурен Мырзатаев, банктың бірінші санаттағы маманы Мухаммади Декхонов, кеңесші Ардақ Ыдырысова қатысты.

Жиын барысында тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды кезекке қою тәртібі, электрондық форматтағы өтініш беру жолдары,  жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламалары және «Отбасы банк» арқылы жүзеге асырылатын тұрғын үймен қамту механизмдері жан-жақты түсіндірілді.

Кездесу барысында халыққа тұрғын үй саясаты саласындағы өзекті ақпаратты қолжетімді түрде жеткізу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру жайы назарға алынды. Мамандар тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарына нақты жауаптар берді.

Алдыңғы жаңалық

КЕНТАУДА ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Келесі жаңалық

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АППАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі