Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қала әкімдерінің тұрғындармен ашық және жиі кездесулер өткізуін маңызды деп санайды. Ол бұл кездесулер арқылы халықтың талап-тілектері тыңдалып, әлеуметтік мәселелердің тез шешілуіне мүмкіндік туады деп атап өтті. Әкімдердің ашықтық пен есептілікті қамтамасыз етуі – халықпен сенімді қарым-қатынастың негізі және жергілікті басқарудың тиімділігінің кепілі екенін айтты. Бұл тәсіл «Жаңа Қазақстан» идеясын жүзеге асырудағы негізгі бағыттардың бірі болып табылады.
Соған орай, қала әкімі Жандос Тасов тұрғындармен ашық форматта кездесу өткізіп жатыр. Кездесудің басты мақсаты – тұрғындардың көкейіндегі өзекті мәселелерді тыңдап, нақты шешімдер қабылдау.
Кездесу қалалдағы 52 мөлтек ауданынан бөлек, Алтынсарин 11,9,7,5,3 көпқабатты тұрғын үй аулаларында өтті. Тұрғындар инфрақұрылым, жол жөндеу, тұрғын үй құрылысы, жарықтандыру, жылу, абаттандыру, ойын алаңшасын салу және басқа да маңызды тақырыптар бойынша өз сауалдарын қойып, ұсыныстарын айтуда.
Қала әкімдігі тарапынан көтерілген әрбір мәселе хаттамаға тіркеліп, жауапты салаларға тапсырылуда. Қала басшысы қабылданған шешімдер тұрғындарға хабарланатынын атап өтті. Одан бөлек, бағдарлама жасалып тиісті жұмыстар атқарылатынын түсіндірді. Халықпен осындай ашық диалог – қаламызды бірге дамытудағы маңызды қадам.

