kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АУДАН ӘКІМІ ЖАҢА ИҚАНДАҒЫ ЭЛЕКТРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ НЫСАНЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

9 июня, 2025
in Жаңалықтар, Экономика, Қоғам
0
АУДАН ӘКІМІ ЖАҢА ИҚАНДАҒЫ ЭЛЕКТРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ НЫСАНЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл тұрғындарын сапалы әрі тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударып келеді. Оның тапсырмалары мен бастамалары ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жаңғыртуға, энергетикалық қауіпсіздікті арттыруға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Президенттің айтуынша, еліміздегі электрмен жабдықтау желілерінің үштен екісі тозған. Бұл жағдай жиі апаттарға, электр энергиясының үзілуіне және халықтың тұрмыс сапасының төмендеуіне әкеліп соғады. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Үкіметке электр желілерін кезең-кезеңімен жаңарту үшін кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ, энергетика саласына қосымша инвестиция тарту мақсатында электр энергетикасы нарығын дамытудың жаңа үлгісі әзірленіп жатыр.

Президент тапсырмасы негізінде Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Жаңа Иқан ауылдық округіне қарасты Ибата елді мекенінде салынып жатқан электрмен жабдықтау нысанының құрылыс барысымен танысты.

Жобаның тапсырыс берушісі — Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі. Құрылыс-монтаж жұмыстарын «Ынтымақ Бес Арыс» ЖШС жүзеге асыруда. Техникалық және авторлық қадағалаушы мекемелер ретінде «Тұран құрылыс» ЖШС мен «ЖОББЕСТПРОЕКТ» ЖШС бекітілген.

Аудан басшысы мердігер ұйым өкілдерінен жұмыс қарқыны мен сапасы туралы толық ақпарат алып, құрылыс барысын бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, белгіленген мерзімде аяқталуы мен қауіпсіздік талаптарының сақталуын тапсырды.

Мақсат Таңғатаров ауыл инфрақұрылымын дамыту — аудан әкімдігінің басым бағыттарының бірі екенін айта келе, бұл жоба тұрғындар үшін аса маңызды екенін жеткізді.

 

Алдыңғы жаңалық

САУРАН: ЖАҢА ИҚАН АУЫЛЫНДА АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Келесі жаңалық

СОЗАҚ: “Харекет” қоры көпбалалы отбасына 1373-ші баспанасын сыйлады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі