Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы 4 маусымда Астанадағы «Атамекен» этно-мемориал кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсімінде сөйлеген сөзінде Мемлекеттік рәміздер күніне орай бірқатар маңызды ойлар мен тапсырмалар айтты.
Мемлекеттік рәміздер — елдігіміздің нышаны, халқымыздың мақтанышы. Президент көк туымыздың әрдайым биікте желбіреуін тілеп, оны тік ұстау әр азаматтың перзенттік парызы екенін айтты.
Президент батыр бабаларымыздың ел тағдыры сынға түскен сәтте бір тудың түбінен табылғанын еске салып, бірлік пен ынтымақтың маңыздылығын ерекше атап өтті.
«Барша Қазақстан халқының тағдыры – ортақ, болашағы – бір. Сондықтан бір ел, бір халық болып, ту түбінде тұтаса білсек, көздеген мақсатқа міндетті түрде жетеміз,» — деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің жарқын көрінісі, халқымыздың мақтанышы және абыройы. Олар баршамызды мызғымас бірлікке ұйыстырып, әрбір азаматты Отан үшін қажырлы еңбек етуге үндейді.
Осы ретте, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздер күніне байланысты бірнеше нақты тапсырма берді. Олар:
- Рәміздерге құрметті арттыру, яғнимемлекеттік рәміздерді жастар мен жасөспірімдер арасында кеңінен насихаттау,патриоттық тәрбиені күшейтіп, ту, елтаңба, әнұранға деген құрметті қалыптастыру.
- Заңнаманы күшейту, яғни мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібін бұзғандарға қатысты жауапкершілікті қатаңдату, рәміздерді қорлауға жол бермеу үшін заңдық шараларды жетілдіру.
- Түсіндіру жұмыстарын жүргізу, яғнимемлекеттік мекемелер мен оқу орындарында рәміздердің мән-мағынасын түсіндіретін шараларды көбейту, рәміздердің дұрыс қолданылуын бақылау.
- Қоғамдық санаға ықпал ету. Ол көк Туымызды көтеретін сәттерді елді біріктіретін ұлт рухының көрінісі ретінде көрсету,рәміздерді насихаттауда БАҚ пен әлеуметтік желілердің рөлін арттыру.
Бұл тапсырмалар Президенттің ел бірлігін күшейтуге, ұлт рухын көтеруге бағытталған саясатының бір бөлігі.
Осы тапсырмалар негізінде Кентау қаласында 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай түрлі патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Қаладағы Көктөбе демалыс аймағында мерекелік шара өтіп, қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова қала тұрғындарын айтулы күнмен құттықтады.
Қала тұрғындары мен жастар мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранға деген құрметтерін білдіріп, елжандылықты ұлықтайтын мерекеге белсене қатысты.
Бұл күн — әрбір қазақстандық үшін елдік пен бірліктің, тәуелсіздік пен тұтастықтың белгісі. Мемлекеттік рәміздерімізге деген құрмет — Отанға деген махаббаттың көрінісі.

