«Жасыл Сауран» коммуналдық мемлекеттік мекемесі — «Сауран ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 11 қаңтардағы №10 қаулысына» сәйкес құрылған.
Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты мен мәні – аудан тұрғындарына сапалы қызметтерді көрсету болып табылады.
Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) коммуналдық меншіктегі саябақтар, суағарлар, гүлзарлар, субұрқақтар және аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру қызметтері.
2) Аудан көлеміндегі елді мекендерде теңгерімдегі мүліктерді санитарлық тазалығын қамтамасыз ету.
«Жасыл Сауран» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазіргі таңда штаттық қызметкерлер саны — 72 адам оның ішінде:
- Басқару аппараты – 5 адам;
- Бригадир – 3 адам;
- Аула сыпырушы – 17 адам;
- Бағбандар – 9 адам;
- Жүргізушілер – 9 адам;
- Қосалқы жұмысшылар – 29 адам;
Мекемеге тіркелген және жалға алынатын автокөлікпен техникалар саны – 15 дана:
— Мусоровоз – 1 дана;
— Водовоз – 2 дана (1-дана жалға алынған);
— Погрузчик – 1 дана;
— Эксковатор – 2 дана;
— Камаз – 1 дана (жалға алынған);
— Газ 53 – 1 дана;
— Уазик (таблетка) – 2 дана;
— Жеңіл автокөлік – 3 дана
«Жасыл Сауран» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылған кезінен қазіргі уақытқа дейінгі (02.2024ж.-05.2025ж.) атқарылған жұмыстарына келетін болсақ:
Сауран ауданы орталығы Шорнақ ауылы бойынша – мемлекет меншігіндегі саябақтар, гүлзарлар, ойын алаңшалары, бау-бақшалар және аудандағы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары.
- Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолы бойына 2024 жылы көктем айларында 4370 түб қаратал көшеттері отырғызылып, сырты қоршалған. Және скважинадан су құбырлары жүргізіліп толықтай тамшылап суарылуда. Бүгінде ол жерге мекемеден 3 бағбан бекітілген, қаратал ағаштары 2,5-3 метрді бойлайды.
- Шорнақ ауылының орталық емханасының маңында 2 гектар жерге 2024 жылы наурыз-сәуір айларында 12000 түб ағаш көшеттері отырғызылды (11000 түб қаратал, 1000 түб ясень). Скважинадан арықтандыру жүйесі арқылы суарылады. Егілген ағаштар 2-2,5 метрді бойлайды, мекемеден 1 бағбан бекітілген.
- Шаға ауылы, С. Қожанов көшесі бойына 2024 жылы күз айлары және 2025 жылдың көктем айларында 22800 түб қаратал көшеттері отырғызылды. Арықтандыру жүйесі арқылы суарылады және сырты темір шарбақтармен қоршалған, мекемеден 2 бағбан бекітілген.
- Шорнақ ауылы, Ж.Шаяхметов көшесі бойында 2024 жылы күз айларында 600 түб қаратал көшеттері отырғызылды, 2-3 күн сайын водовоз арқылы суарылуда.
- Шорнақ ауылы, С.Тоймаханов көшесі бойында 2024 жылы күз айларында 100 түб шырша (можжевельник) және 200 түб ясень ағаштарының көшеттері отырғызылды, 2-3 күн сайын водовоз арқылы суарылуда. Көше бойындағы аллеяға 1000 шаршы метр аумаққа көгалдандыру мақсатында газон себілді.
- Шаға ауылы, индустриялық аймақ аумағына 100 түб шырша (можжевельник) 2024 жылы күз айларында отырғызылды. Скважинадан су құбырлары жүргізіліп толықтай тамшылап суарылуда. Индустриялық аймақтың тазалығына және көгалдандыру жұмыстарына мекемеден 4 жұмысшы бекітілген.
- Бабайқорған көшесі бойындағы – желілік саябаққа 2025 жылы көктем айларында 1000 түб роза гүлдері және 1000 түб шырша талы (туя) егілді. Спринклерлік жүйе арқылы суарылады.
«Жасыл Сауран» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысшылары жоғарыда аталған аумақтарда, Сауран ауданы орталығындағы тазалықты, көгалдандыру, шөптерін шабу, уақытылы суарылуы және абаттандыру сияқты жұмыстарды жүйелі түрде атқарады.

Мекеме басшысы: Н.Бадамбаев

