kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АРМАНДАРҒА ҚАНАТ БІТІРГЕН ИГІ ЖОБА

1 июля, 2025
in Жаңалықтар, мәдениет, Руханият, Әлеумет
0
ТҮРКІСТАН: АРМАНДАРҒА ҚАНАТ БІТІРГЕН ИГІ ЖОБА
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Арман – бала жүректің үміті, болашаққа салған көпірі. 2022 жылдан бастау алған Әсел Бимурзаеваның «Армандар орындалады» жобасы – дәл осы бала арманын ақиқатқа айналдыру жолында шынайы жанашырлықпен жұмыс істеп келе жатқан бірегей бастама. Осы уақытқа дейін 600-ден астам ерекше баланың тілегі орындалып, жүздеріне шаттық сыйланды.

Әрбір орындалған арман – үмітке толы көзқарас, өмірге деген құштарлық. Бұл жобаның әсерімен балалар тек қуанышқа ғана бөленіп қоймай, облыстық және республикалық деңгейдегі өнер мен спорт жарыстарында дараланып, өз қабілеттерін батылдықпен көрсете бастады. Жақсылыққа ұмтылған жандардың саны күннен күнге артып келеді. Армандарға қанат бітірген осынау игі жобаға үлес қосып жүрген әр жан – бала көңілінің шырағын жаққан жанашырлар.

Түркістан қалалық мәслихатының қолдауымен  Облыстық «Фараб» кітапханасында биыл жас жүрекке жалын берген «Армандар орындалады» жобасына 3 жыл толуына орай ерекше күнді атап өтті. Түркістан қаласында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған бұл жоба қайырымдылық бағытындағы мерекелік іс-шара болды.

Жобаның басты мақсаты — балалардың арманын орындау арқылы оларға шабыт сыйлау, өмірге деген сенімін арттыру және қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезіндіру болып табылады.

Жақсылыққа ұмтылған жандардың саны күннен күнге артып келеді. Армандарға қанат бітірген осынау игі жобаға үлес қосып жүрген әр жан – бала көңілінің шырағын жаққан жанашырлар.

Іс-шара барысында балалардың қолөнер бұйымдарынан көрме-жәрмеңке өтіп, ерекше балалар концерттік бағдарлама ұсынды. Әрбір баланың арманы орындалып, қуаныш пен мейірімге толы сәттер орын алды.

Салтанатты шараға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы, Ордабасы аудандық мәслихатының төрағасы Бақдәулет Құрманбекұлы, Созақ аудандық мәслихатының төрағасы Ордабек Мырзабекұлы, сондай-ақ мәслихат депутаттары Жәмилә Төреханқызы, Жандос Жұмадұллаұлы және Бақдәулет Оразбайұлы қатысып, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Жоба жетекшісі Әсел Бимырзаева үш жыл ішінде 622 баланың арманы орындалғанын атап өтіп, жобаға қолдау білдірген барлық демеушілерге, еріктілерге, ата-аналар мен қоғам белсенділеріне өз алғысын білдірді.

Шара соңында жобаның дамуына үлес қосқан азаматтар арнайы марапатталып, ұйымдастырушылар атынан алғыс хаттар табысталды.

Бұл жоба тағы бір рет мейірімділік пен шынайы қамқорлықтың жарқын үлгісі екенін дәлелдеді. Бұл бастама арқылы барлық жиналған қауым ерекше балалардың күлкісіне, үмітіне және сеніміне себепкер болды. Балалардың арманына қанат бітіру — әрқайсымыздың адамгершілік борышымыз.

Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, қаншама жүрекке қуаныш сыйлайтынына сенімдіміз.

Армандар орындалады, егер біз бірге болсақ!

Алдыңғы жаңалық

КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келесі жаңалық

Түркістан: «Армандар орындалады» әлеуметтік жобасы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі