Күй құдіретін халқына мирас еткен дара тұлға, қазақтың композиторы, күйші-дирижер Нұрғиса Тілендиевтың 100 жылдығына және Ұлттық домбыра күніне орай, Сауран ауданында “Домбыра – ұлттың үні” атты тағылымы мол, рухы биік мәдени шара өтті.
Мерекелік кештің басты мақсаты – ұлтымыздың рухани мұрасын ұлықтау, қазақтың киелі аспабы – домбыраның қадір-қасиетін жас ұрпаққа насихаттау болды.
Шара барысында жергілікті өнерпаздар күмбірлеген күй шертіп, халық әндерін нақышына келтіре орындап, көрерменге рухани әсер сыйлады. Күй құдіретін танытқан күйшілер өнерімен көпшілікті тәнті етті. Сонымен қатар, жас домбырашылар да өз өнерлерін ортаға салып, ұлттық өнерге деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.
Домбыра – ұлттың жаны, қазақтың шежіресі. Осындай игі шаралар арқылы ата-бабадан жеткен асыл мұрамызды ардақтап, келер ұрпаққа аманаттау – әрқайсымыздың парызымыз.

