kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Білім

САУРАН: “ САЗ САҢЛАҒЫ — НҰРҒИСА” АТТЫ КІТАП КӨРМЕСІ

9 июля, 2025
in Білім, Жаңалықтар, мәдениет
0
САУРАН: “ САЗ САҢЛАҒЫ — НҰРҒИСА” АТТЫ КІТАП КӨРМЕСІ
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2025 жылы сазгер, дирижер, композитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай «Саз саңлағы — Нұрғиса» атты кітап көрмесі жасақталды.

Көрмеде Нұрғиса Тілендиевтің өмір жолы, шығармашылық мұрасы, ән-күйлері мен халыққа қалдырған рухани қазынасы жайлы материалдар ұсынылды.

Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы —  1925 жылы 1 сәуірде, Алматы облысы, Іле ауданы, Шилікемер ауылында дүниеге келген. Композитор, дирижер, домбырашы. Қазақстанның (1975) және КСРО (1984) халық артисі, Қазақстанның Халық Қаһарманы (1998). Екінші дүние жүзілік соғысқа қатысқан. 1949-50 жылдарында Алматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы), 1950-52 жылдары Мәскеу консерваториясын (профессор Н.П.Аносовтың класы бойынша) оқыды. 1952-61 жылдары Қазақ академиялық опера және балет театрының дирижері, 1960-64 жылдары Қазақ академиялық халық аспаптары оркестрінің бас дирижері болып қызмет атқарды.

Нұрғиса Тілендиев Қазақ академиялық фольклорлық-этнографиялық халық музыкалық аспаптары «Отырар сазы» оркестрін Қазақ филармониясы жанынан 1980 жылы ұйымдастырды. Алғаш шағын ансамбль ретінде жұмыс істеді,ал 1982 жылдан оркестр болып құрылды.Мұндағы қос ішекті, үш ішекті домбыралар, қобыз, сыбызғы, саз сырнай, жетіген, шаң қобыз, асатаяқ секілді ертеден белгілі музыкалық аспаптардың орындауындағы шығармалар өзінің ұлттық нақышымен ерекшеленеді. Кейіннен оркестрдің аспаптар құрамы кең шанақты және шіңкілдек домбыралар, нар қобыз, жез қобыз, мес қобыз, сазген, аса шертер, адырна, даңғыра, т.б. музыкалық аспаптармен толықтырылды. Репертуарында халық күйлері «Кеңес», «Салкүрең», «Сарыөзен», халық композиторларының Тәттімбеттің «Қос басар», «Сарыжайлау», «Сылқылдақ»; Сүгірдің «Кер толғау», «Бес жорға»; Ықыластың «Ерден күйі», «Қамбар батыр» , осы заманғы қазақ композиторларының М.Төлебаевтың «Еске алу»; Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы», «Аңсау», «Көш керуен»; К.Күмісбековтің «Фараби сазы», «Қорқыт күйі» шығармалары бар. Оркестр 1984 жылы Алматы қаласында өткен Бүкілодақтық фестивальға қатысты. 1985 жылы Мәскеудің П.И.Чайковский атындағы Үлкен концерт залында өткен шығармашылық концертте жоғары кәсіби орындаушылық шеберлігін танытты. 1985 жылы Оркестр Бүкілодақтық Комсомол сыйлығының лауреаты атанды.

1968-81 жылдары «Қазақфильм» киностудиясы музыкалық редакциясының бас редакторы, 1981-98 жылдары өзі ұйымдастырған «Отырар сазы» фольклорлық этнографиялық ансамблінің көркемдік жағын басқарды. Еркін төгілген әсем әуен, сымбатты ырғақ, нәзік лиризм, азаматтық пафос пен динамикалық серпін – композитор шығармаларына тән қасиет. Алматы консерваториясының құрметті профессоры (1995) болған. Қазақстан Мемелекеттік сыйлығының (1978) иегері. 1999 жылы Алматы қаласында композитор есімімен көше (бұрынғы Софья Ковалевская атындағы), «Отырар сазы» фольклорлық этнографиялық ансамблі (2000) аталады және ол тұрған үйге (Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 96-үй) мемориалдық тақта орнатылды. Отан ордені, 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған. 1998 жылы қайтыс болған. Топырақ бұйырған жері Жамбыл кесенесінің іргесі болып табылады.

Көрме барысында композитордың еңбектері мен ол туралы жазылған әдебиеттер оқырман назарына қойылып, көрмеге келгендер оның өнердегі дара жолымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

Бұл көрме – қазақ музыка өнерінің алыбына деген тағзым мен ұрпаққа үлгі боларлық тағылымды шара болды.

 

Алдыңғы жаңалық

Сауран: “Домбыра – ұлттың үні”

Келесі жаңалық

Сауран: «Нашақорлыққа – жол жоқ!» атты танымдық іс-шара өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі