Ағымдағы жылдың 8 шілде күні аумақтық мекемелер ғимаратының мәжіліс залында аудан жастарының қатысуымен маңызды кездесу ұйымдастырылды. Кездесу діни экстремизмнің алдын алу, жастарды жат ағымдардың ықпалынан қорғау сынды өзекті тақырыптарды қамтыды.
Іс-шараны аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Әсілбек Рауан ашып, жүргізіп отырды.
Шара барысында аудандық Жастар ресурстық орталығының теолог маманы Ажибай Дияна, сондай-ақ Руханият және талдау орталығының маманы Темірбаев Бек жастар арасында діни сауаттылықты арттыру, кереғар діни ағымдардың алдын алу және ұлттың тұтастығын сақтаудың маңыздылығы туралы терең ой қозғады.
Сонымен қатар, ислам тарихынан, кері ағымдардың пайда болу оқиғаларынан құнды ойлар сабақтады.
Сондай-ақ, жиында ішкі саясат бөлімінің бас маманы Р.Әсілбек пен Руханият және талдау орталығының маманы Б.Темірбаев елдегі дінаралық келісімді нығайту, ұлттық құндылықтарды жастар арасында кеңінен насихаттаудың маңызы жөнінде пікір білдірді.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың белсенділігі мен білімін пайдалана отырып, қоғамда өзара түсіністік пен бірлікті нығайтуға жол ашу. Себебі бірлігі бекем елдің болашағы – жарқын!

