Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жалпы аз қамтамасыз етілген отбасы мүшелеріне, жұмыссыздарға, мүгедектерге, соғыс және еңбек ардагерлеріне, батыр аналарға, жалғызілікті, т.б әлеуметтік көмекті қажет ететін азаматтарға мемлекеттік негізде қызмет көрсетеді. (көрсетілетін қызмет түрі 15, о.і бөлім-4, орталық-11)
«Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанынан құрылған мекемелер:
- «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
- «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» әлеуметтік орталығы мемлекеттік мекемесі.
- «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Әлеуметтік көмек көрсету секторы
Бүгінгі таңда аз қамтамасыз етілген отбасыларға аудан бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке жыл басынан 103 отбасы 624 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. Оның ішінде кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға 90 отбасының 1-6 жас аралығындағы 187 балаларына заң аясында тағайындалған қаржы төленіп отыр.
Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекке аз қамтамасыз етілген 63 адамнан өтініш түсіп, бұл өтініштер аудандық комиссияда қаралып, бір реттік көмек беруге жататындықтан жергілікті бюджеттен қаржы төленді.
Созақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 қыркүйектегі №350 шешіміне сәйкес, Созақ ауданы бойынша тұрғын үй көмегі 23 отбасы 58 адамға заң асында қаржы тағайындалып, төленді.
«Қамқорлық» кешенді бағдарламасы аясында демеушілер есебінен өмірлік қиын жағдайдағы жалпы 25 отбасына ақшалай көмек көрсетілді.
Ауданда 2025 жылы жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрап отыр.
Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар мен бас бостандығынан айыру орнындарынан босатылған азаматтардың 2025 жылдың 30 маусымына дейін әлеуметтік көмек бойынша мәлімет
Жұмыспен қамту мәселесі бойынша:
«Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің Созақ аудандық «Мансап орталығы» филиалының мәліметі бойынша, Аудандық пробация қызметі есебінде тұратын 52 азаматтың 1-зейнеткер, 2-студент, 2-бала күтімінде, 1-оқушы, 6-жеке кәсіпкер, 35-і жалдамалы жұмыс іздеушілер мен 5-і жұмыссыз.
Жыл басынан орталыққа 14 азамат жұмыс іздеп жүгінген, 2 азамат қоғамдық жұмысқа жолданды.
Жыл ішінде 6 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Түркістан облысы әкімдігінің 2024 жылдың 27 желтоқсандағы қабылданған «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» №274 қаулысына сәйкес 5 адамға квота белгіленді. Пробация қызметінің есебінде тұратын 5 азаматқа оның ішінде: (Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Шолаққорған-су» МКК- 2 орын, «Созақ –Сәулет» ММК-3 орын барлығы 5 орын белгіленді. Сонымен қатар, бас бостандығы айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдаланулы реттеу басқармасының «Созақ орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ 1 квота орны бекітілген. 2025 жылдың 1 тоқсанында ПҚ есебінде тұратын Созақ ауылының түрғынына заң аясында тиісті атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленген.
Пробация қызметінің есебінде тұратын 3 адам «Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданып, өз сертификаттарын алды.
Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде бағдарлама қатысушыларына жаңа бизнес-идеяларына арналған 1 572 800 теңге көлеміндегі мемлекеттік грант Бақытұлы Нұрғанат «дөңгелек монтаждау орталығы», Токмейлов Рахат Нурдилдаевич «автокөлікке шиналарды орнату қызметі», Муслимов Иса Сулейменович «тауық өсіру» жобалары бойынша комиссия мүшелерінің шешімімен мақұлданып, қазіргі таңда жұмыстарып бастауда. Мансап орталығында жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған 3 азаматқа жұмыспен қамту шараларына қатысу туралы түсіндірілді. Алдағы уақытта өз келісімдері бойынша жұмыспен қамту шараларына жолданатын болды.
Әлеуметтік көмек бойынша:
«Бас бостандығы айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған әлеуметтік тұрмыстық жағдайы төмен жәрдемақыға мұқтаж азаматтарға – бір жолғы 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде» белгіленді.
Созақ ауданы азаматының өмірлік қиын жағдайға ұшырауына байланысты құрылған арнайы комиссиясында қаралып, жан-жақты талқыланып, қортындысы бойынша пробация қызметінің есебінде тұратын азаматтарға 2024 жылдың 19 қыркүйегіндегі «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» №136 шешіміндегі әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарға жекеленген санаттардың тізбесін айқындаудың қағидасына сәйкес заң аясында қарастырылған тиісті қаражат пробация қызметі бөлімшесі арқылы жағдайы төмен бір реттік көмек 9 отбасына берілді.
2025 жылдың ақпан айында пробация қызметі есебінде тұрған, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыға кәсіпкер демеушілігімен 1 жәшіктен (6,5 кг) алма барлық тіркеуде тұрған 53 адамға таратылды. 2025 жылдың сәуір айында демеушілік есебінен 2 отбасы азық -түлікпен қамтамасыз етілді.
Созақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің мәліметі бойынша пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтендіру мақсатында жергілікті бюджеттен «Өздерінің есебінде тұратын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу» жобасына заң аясында тиісті қаржы қаралды. Бұл жоба бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тәсілімен конкурс өткізіліп, өнім беруші болып «Серғали-Түркістан» қоғамдық бірлестігі айқындалды. Өнім берушімен 2025 жылғы 28 сәуір күні №27 келісім-шарт жасалды. Жоба аясында пробация есебінде тұрған азаматтардың Түркістан қаласындағы «Әзірет сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне экскурсиясы ұйымдастырылады. Экскурсиядан соң кинозалдан көркем фильм және театрдан спектакль көрсетіледі. Сонымен қатар, оларға Қайрат Жолдыбайұлының «Кемел адам» кітабы сыйға тартылады. Экскурсияға барған азаматтарға сапарда ауыз су және Түркістан қаласындағы мейманханадан бір мезгіл түскі ас беріледі.
Жоба толығымен жүзеге асырылған соң қорытынды ақпарат беріледі.
Шымкент қаласы және Түркістан облысы ҚАЖД-не қарасты Созақ аудандық Пробация қызметі бөлімшесіне есепте тұрған қайта қылмысқа бейімділігі жоғары 10 сотталған азаматқа бақылау білезігін сатып алу үшін 2025, 2026, 2027 жылдарға жергілікті бюджеттен қосымша құн салығын қоса есепке алғанда заң аясында тиісті қаржы қаралды. Соның ішінде, 2025 жылға Созақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 наурыздағы №172 шешіміне сәйкес, 10 азаматқа бақылау білезігіне заң аясында қарастырылған қаржы бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу процесстері жүргізілуде.
«Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығы» КММ-нің ардагерлермен жұмыс және жалғызілікті қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің жұмысы
2025 жылы ауданда 1-ҰОС ардагері, 15 ҰОС мүгедегіне теңестірілгендер (Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан және әскери қызметін орындау кезінде мүгедек болып оралғандар), ауған соғысының ардагері — 18, Чернобыль апатына қатысқандар — 4, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің қайтадан некеге тұрмаған жесірлері — 9, 131 — тыл еңбеккерлері бар.
Аудан бойынша 86 жалғызілікті қарттар әлеуметтік қамқорлыққа алынған. Оларға 18 әлеуметтік қызметкерлер бекітілген кесте бойынша қызмет көрсетуде. Бүгінгі таңда қамқорлыққа алынған 86 жалғызілікті қарттарға демеушілер арқылы қаржылай, заттай, азық-түліктері алынып берілді.
2025 жылы жыл басынан аудандық бюджеттен 550 жолдама Облыстық басқарма тарапынан — 260, жалпы барлығы — 810 жолдама беріліп, оның ішінде қазірге дейін 496 зейнеткер демалып келді. («Ардагер», «Асыл Жандар (Мейір)» демалыс үйі, «Манкент»,»Ақниет»,»Керуен», «Кәусар бұлақ» шипажайлары)
2025 жылы Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің шығарылғанына 35-жылдығына орай, Ауғанстан соғысының 17 ардагерлеріне заң аясында қарастырылған қаржы берілді.
2025 жылы 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, жергілікті бюджеттен бөлінген бір жолғы қаржыны алатын «Батыр ана» және «Алтын алқа» иегерлеріне 1000 анаға сондай-ақ, «Күміс алқа» иегерлеріне, яғни 1231 анаға заң аясында қарастырылған тиісті қаржы берілді.
2025 жылы 9-мамыр Ұлы Отан соғысының 80 жылдық мерекесіне орай, жергілікті бюджеттен бөлінген бір жолғы қаржыны алатын 1- ҰОС ардагеріне, 134 тыл ардагерлеріне, ҰОС мүгедегіне теңестірілген 15 азаматтарға, ҰОС мүгедектерінің жесірлеріне, яғни 9 анаға, Чернобыль соғысына қатысқан 4 адамға Тәжік-Ауған соғысына қатысқан 20 азаматқа, Таулы Қарабах соғысына қатысқан 6 азаматқа заң аясында қарастырылған тиісті қаражат жеке есеп шоттарына аударылып берілді.
Аудандағы 80 жастан асқан 10 қарттарға жергілікті бюджет есебінен 5 АЕК көлемінде ай сайын жеке бет есептеріне аудандық «Қазпочта» торабы арқылы аударылып беріледі.
Ардагерлермен жұмыс жыл соңына дейін өз жалғасын табатын болады.
«Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығы» КММ-нің мүгедектігі бар балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бойынша атқарылған жұмыстар
Ауданда бүгінгі таңда 2788 мүгедектігі бар адамдар бар. Оның ішінде: І топ — 299 адам; ІІ топ — 974; ІІІ топ – 1091 мүгедектігі бар адамдар болса, бала жастан мүгедектігі бар балалар саны — 424.
Мүгедектігі бар адамдарға медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі дайындаған жеке оңалту бағдарламалары бойынша бөлім тарапынан «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне олардың орындалуы туралы деректер мен есептіліктер енгізіліп отырады.
Мүгедектігі бар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі 9 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.
- Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу; Ауданда мүгедектігі бар 90 балаға жергілікті бюджет есебінен үйде оқыту үшін, оқу құрал жабдықтарын алу мақсатында 2 АЕКесебіндеай сайын төленуде.
2.Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу; Аудан бойынша мүгедектігі бар 24 адам оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес өтініш беріп, жартылай стационарлық ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер алды.
3.Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу бойынша жеке оңалту бағдарламасы негізінде, үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлерінің жалақыларына заң аясында тиісті қаражат қаралып, күтім қажет ететін 120 мүгедектігі бар балаларға (оның ішінде: ТҚА бұзылған — 47, ПНА-50, оның ішінде:18 жастан асқан — 23 (психоневрологиялық ауытқуы бар — 15, ТҚА — 8) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.
4.Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу бойынша облыстық бюджеттен және де жергілікті бюджет есебінен сондай-ақ, республикалық бюджет есебінен қаржы қаралып, ЭҮП арқылы 460 адам өтініш білдіріп, бүгінгі таңда 174 мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар балалар санаторлық-курорттық емделу қызметтерін алды.
- Мүгедектігі бар адамдарға техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу бойынша республикалық бюджеттен сондай-ақ, облыстық бюджеттен, жергілікті бюджеттен заң аясында тиісті қаржы қаралып, жыл басынан ЭҮП арқылы жалпы 612 адамнан өтініш түскен. «Әлеуметтік қызметтер» порталында құралдарға өз таңдауларын жасап, бүгінгі таңға 499 гигиеналық құралдармен және 71 сурдо-тифлотехникалық құралдарымен қамтамасыз етілді.
- Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу бойынша, облыстық бюджеттен заңшеңберінде тиісті қаржы бөлініп, жыл басынан ЭҮП арқылы 147 протездік-ортопедиялық құралға өтініштер түсіп, бүгінгі таңда «Әлеуметтік қызметтер» порталы арқылы 108 протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілді.
- Есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдарды ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етугемүгедектігі бар құжаттарды ресімдеу бойынша ымдау тілі маманын қажет ететін 13 мүгедектігі бар адамдарға облыстық бюджеттен сондай-ақ, жергілікті бюджеттен заң шеңберінде белгіленген қаржы қаралып, «Әлеуметтік қызметтер» порталы бойынша қызметтер алуда.
- Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеубойынша жергілікті бюджеттен сондай-ақ, облыстық бюджеттен заң аясында белгіленген қаржы бөлініп, І топтағы жүріп-тұруы қиын 110 мүгедектігі бар адамдарға жеке оңалту бағдарламасы негізінде 110 жеке көмекші қызмет көрсетіп келеді.
- Мүгедектігі бар адамдарды жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу бойынша облыстық бюджеттен сондай-ақ, жергілікті бюджеттен шаңшеңберінде тиісті белгіленген қаржы қаралып, жыл басынан қоларбаға ЭҮП арқылы 29 өтініш түсіп, «Әлеуметтік қызметтер» порталы бойынша 29 қоларбамен қамтамасыз етілді.
Мүгедектігі бар адамдардың өтініштері “Е-собес” ААЖ-де орындалуы жыл соңына дейін өз жалғасын табатын болады.
«Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығы» КММ-нің Күндізгі қатынау және әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу бөлімшесінің атқарған жұмыстары
Бүгінгі таңда Шолаққорған ауылының орталығында Күндізгі қатынау және әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу бөлімшесінде 22 балаға 2 сағаттан әлеуметтік қызмет көрсетіліп оларға; әлеуметтік маман, дефектолог, психолог, логопед, мәдени ұйымдастырушы, айқындаушы, медбике, массажист мамандары қызмет көрсетеді. Ондағы мақсат мүгедектігі бар балалардың өмірге деген құштарлығын ояту, оларды ортаға бейімдеу, өнерге қызықтыру, еңбекке үйрету, өмірге икемді жеке тұлға ретінде қалыптастыру, өмірде өз орнын табуға баулу болып табылады.
Балалардың келіп кетуіне ыңғайлы жағдай жасау мақсытында әлеуметтік такси қызмет көрсетеді.
«Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» орталығы бойынша атқарылған жұмыстар
Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанынан «Белсенді ұзақ өмір жән Тең қоғам» әлеуметтік орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №165 бұйрығының 2-қосымшасымен бекітілген «Халықты әлеуметік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» стандартына сәйкес, 7 түрлі арнаулы әлеуметтік қызмет түрі көрсетіледі.
Атап айтқанда:
- Әлеуметтік- медициналық
- Әлеуметтік- психологиялық
- Әлеуметтік- еңбек
- Әлеуметтік- тұрмыстық
- Әлеуметтік- мәдени
- Әлеуметтік- экономикалық
- Әлеуметтік-құқықтық көмектер.
Әлеуметтік орталық бағдарламасында «әлеуметтік орталықта күндізгі жағдайында оңалту қызметтерін алу» белгіленген.
«Белсенді ұзақ өмір жән Тең қоғам» әлеуметтік орталығы екі бағыт бойынша қызмет көрсетеді.
Бірінші бағыт: «Белсенді ұзақ өмір» бойынша қызмет көрсетеді. Ауданда 6556 зейнеткер (оның ішінде 2337 — ер азаматтар, 4219 — әйел азаматшалар) аға буын азаматтары тіркелген. 2025 жылдың маусым айында барлығы 2146 зейнеткер келді, оның ішінде — 259 адам массаж, 226 адам тұзды бөлмесіне, 118 адам кітапхана, шахмат — 242 адам, шашка — 114, бильярд — 873, стол теннисі — 114, спорт — 130, психологиялық көмекке — 70 және т.б. қызметтер көмегін пайдаланған.
Екінші бағыт: «Тең қоғам» бағыты бойынша қызмет көрсетеді. Ауданда 2788 мүгедектігі бар азаматтар (оның ішінде 1123 — ер азаматтар, 944 — әйел азаматшалар) тіркелген. 2025 жылдың маусым айында барлығы 224 мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік орталықта қызмет көрсетілді. Атап айтқанда, 11 адам заңгерлік көмекке, 11 адам қаржылық кеңестерге, 54 адам массажға, 48 адам тұзды бөлмесіне, 19 адам кітапханаға,18 адам шахмат, 15 адам шашка, 18 адам бильярд, 21 адам психологиялық көмекке, 9 адам стол теннисі және т.б. қызметтер көмегін пайдаланған.
Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы ІІ тоқсан бойынша жұмыс жоспарының орындалуы туралы мәлімет
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактиаксы туралы» №214-IV Заңына, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірінің 2023 жылғы 29 маусымдағы «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» №263 бұйрығына және Қазақстан республикасы Мәдениет және ақпарат министірінің 2024 жылғы 14 маусымдағы «Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» №264-НҚ бұйрығына сәйкес және Созақ ауданы әкімдігінің 21 ақпан 2025 жылғы Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің штат құрылымы мен шекті санын бекіту туралы» №36 қаулысымен құрылды.
Орталық Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі №40 ғимараты мекен-жайында орналасқан. Орталық 07.03.2025 ж. күннен бастап қызмет көрсетіп келеді.
Орталықта 21 штаттық бірлік бар, 2025 жылға жергілікті бюджеттен – заң шеңберінде қарастырылған қаражат бөлінсе, осы айға дейін белгілі бір мөлшердегі қаржы игерілді.
Созақ аудандық «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2025 жылғы 1 шілдеге дейін 17 қызмет алушыға, 40 қызмет түрін көрсетті. Атап айтар болсақ, шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша қайтарымсыз грант алғандар саны –3, жұмысқа орналасқандар саны –2, әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар бойынша –5, тұрғын үй мәселесі бойынша –3, балабақша мен мектепке орналастыру бойынша –1, денсаулық сақтау саласы бойынша -1, психологиялық қолдау көрсету бойынша –7, әр түрлі психологиялық тренингтер өткізу бойынша –3, қайырымдылық іс-шаралар бойынша –14, өзін-өзі қызмет көрсету бұрышында қызмет алғандар саны бойынша -1.

