Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауы – ел дамуының негізі саналатын еңбек адамын қадірлеудің айқын көрінісі.
Осы бастаманы қолдау мақсатында Түркістан қалалық прокуратурасы мен Мансап орталығының бірлесуімен Түркістанда ауқымды бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеге борышкерлер, пробация қызметі есебінде тұрған азаматтар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және жұмыссыз тұрғындар да қатысты.
Мақсат:
– Жұмыссыз азаматтарға қолдау көрсету,
– Жастарды нақты кәсіпке бағыттау,
– Жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру.
Шараға 500-ге жуық азамат қатысып, 30-дан астам мекеме 1000-нан астам бос жұмыс орнын ұсынды.
Ірі жұмыс беруші мекемелер қатарында:
— Kazakhstan Lihua ЖШС
— Алтын Дала Мақта ЖШС
— БНК Групп ЛТД
— BASPOLYMER ЖШС
— ER-QAN GROUP ЖШС
— KZ Unicol ЖШС
— JASYL SUYQ QAZAQSTAN ЖШС және басқа да өндірістік кәсіпорындар бар.
Ұсынылған мамандықтар:
Тігінші, инженер, ағаш ұстасы, дәнекерлеуші, қойма меңгерушісі, оператор, аудармашы, есепші, офис-менеджер, хирург, күзетші және тағы басқа техникалық, өндірістік және медициналық бағыттағы сұранысқа ие мамандықтар.
Іс-шара барысында сөз сөйлегендер:
– Түркістан қаласының прокуроры Кәукен Бақтыбайұлы Нәрікбаев,
– Қала әкімінің орынбасары Талғат Төлегенов,
– Қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы.
Олар жастарды еңбекке баулудың маңыздылығына тоқталып, болашақ мамандарға сенім білдірді.
Бұл жәрмеңке – жұмыс табудың ғана емес, ел ертеңін нақты кәсіппен байланыстырғысы келетін азаматтарға берілген үлкен мүмкіндік.

