kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУ: ХАНТАҒЫ АУЫЛЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢАРТЫЛУДА

17 июля, 2025
in Жаңалықтар, Саясат, Экономика
0
КЕНТАУ: ХАНТАҒЫ АУЫЛЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢАРТЫЛУДА
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің инфрақұрылым жүйесін жаңарту мәселесіне ерекше назар аудара отырып, бірқатар нақты тапсырмалар берген болатын.

Атап айтқанда:

  1. Көлік инфрақұрылымы саласында, республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының сапасын арттыру, көлік қатынасының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 10 000 шақырымнан астам жолды жөндеу және салу жұмыстары тапсырылды. Сонымен қатар, жол құрылысы мен жөндеу процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін цифрлық мониторинг жүйесін енгізу жөнінде тапсырма берілді.
  2. Инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым бойынша, тозығы жеткен жылу көздері мен желілерін жаңғырту, оның ішінде 19 ірі жоба аясында жылу электр орталықтарын қайта жаңарту жұмыстарын уақытылы және сапалы жүргізу жүктелді.
  3. Энергетика саласында, электр энергиясы тапшылығын болдырмау мақсатында жаңа генерациялық қуат көздерін салу және тарату желілерін жаңғырту бойынша кешенді шаралар қабылдау қажеттігі атап өтілді.
  4. Цифрлық инфрақұрылым бойынша, жол сапасын бақылауға арналған автоматтандырылған жүйелер енгізу, сондай-ақ цифрлық технологияларды кеңінен қолдану бағытында жұмыстарды күшейту жөнінде тапсырма берілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инфрақұрылым жүйесін жаңарту жөнінде берген тапсырмалары – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және аймақтар арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге бағытталған нақты әрі жүйелі шаралар жиынтығы болып табылады.

Президент бұл бағыттағы барлық іс-шаралардың тиімді орындалуы мен халыққа нақты нәтижесін сезіндіру – атқарушы органдардың басты міндеті екенін қадап айтты.

Осы орайда, барлық жауапты мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы билік өкілдері инфрақұрылымды жаңғыртуға қатысты міндеттерді мерзімінде әрі сапалы орындауы қажет. Бұл – ел дамуының стратегиялық басымдығы және халық алдындағы жауапкершілік. Аталған тапсырмалар еліміздің инфрақұрылымын жаңғырту, инвестициялық тартымдылығын арттыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бағытындағы стратегиялық мақсаттарға сәйкес келеді.

Осы жоғарыда аталған нақты тапсырмаларды орындау мақсатында ағымдағы жылы «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС инвестициялық жобасы аясында Хантағы ауылында ауқымды жаңғырту жұмыстары қолға алынған болатын. №6 және №7 КТП-ларда ескі бағаналар заманауи тіректерге алмастырылып, трансформаторлық құрылғылар жаңартылуда.

Бұл жұмыстар электр энергиясының сапасын арттыруға, апаттық жағдайлардың алдын алуға және тұтынушыларды үздіксіз әрі сенімді энергиямен қамтамасыз етуге бағытталған.

Энергетикалық инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңарту – ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға жасалып жатқан нақты қадам. Жобалық жұмыстар белгіленген мерзімге сай орындалуда.

Алдыңғы жаңалық

Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2025 жылы атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

Келесі жаңалық

СОЗАҚ: “Менің отбасым – менің тірегім” атты семинар өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі