2025 жылы шілде айында “Отбасын қолдау орталығында” пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтармен психологиялық тестілеу шарасы өткізілді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты — пробация есебіндегі тұлғалардың психоэмоционалдық жай-күйін, мінез-құлық ерекшеліктерін, әлеуметке бейімделу деңгейін анықтау және олармен алдағы уақытта тиімді жеке оңалту жұмысын жүргізу.
Тестілеуді “Отбасын қолдау орталығының” психологтары жүргізді.
Шара барысында азаматтармен жеке сұхбаттар өткізіліп, арнайы психодиагностикалық әдістемелер қолданылды.
Тест қорытындысы бойынша, әрбір азаматқа жеке психологиялық мінездеме жасалып, олармен алдағы уақытта түзету-оңалту бағытында нақты жұмыс жоспарлары құрылатын болады.
Шара барысында орталық мамандары қатысушыларға құқықтық, психологиялық және әлеуметтік сипаттағы кеңестер беріп, бейресми сұхбат арқылы сенімді қарым-қатынас орнатты.

