kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Білім

КЕНТАУ: МЕКТЕП БАСШЫЛЫҒЫ МЕН ПСИХОЛОГТАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

29 мая, 2025
in Білім, Жаңалықтар, Әлеумет
0
КЕНТАУ: МЕКТЕП БАСШЫЛЫҒЫ МЕН ПСИХОЛОГТАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кәмелетке толмағандар мен жастар арасында діни радикализмнің таралуына жол бермеу мақсатында нақты тапсырмалар беріп, бұл мәселеге қатысты ұстанымын ресми түрде білдірді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес:

— Жастар мен жасөспірімдердің деструктивті діни ағымдарға тартылуының алдын алу үшін кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту;

— Білім беру ұйымдарында рухани-адамгершілік тәрбие мен діни сауаттылықты арттыру шараларын енгізу;

— Интернет пен әлеуметтік желілердегі деструктивті контентті бақылау және тосқауыл қою бойынша тиімді механизмдер әзірлеу;

— Құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы билік өкілдерінің жастармен тығыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

— Дін саласындағы уәкілетті органдардың, теологтар мен сарапшылардың қатысуымен тұрақты түрде профилактикалық кездесулер ұйымдастыру тапсырылды.

Президент өз сөзінде:

«Жастардың діни радикализмге бой алдыруына жол беруге болмайды. Бұл — елдің қауіпсіздігіне, қоғамның тұтастығына төнетін қатер. Сондықтан мемлекет пен қоғам бірлесе әрекет етуі тиіс», — деп атап өтті.

Бұл тапсырмалар ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылықты сақтау мақсатындағы маңызды шаралар ретінде қарастырылады.

Осы тапсырмалар негізінде білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын жетілдіру және жасөспірімдер арасындағы радикалды идеологияның алдын алу мақсатында мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен білім беру мекемелерінің психологтарына арналған семинар өткізілді.

Семинарға Түркістан облысы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы, дінтанушы, РАТТ мүшесі Ж.Жорабек қатысып, дін саласындағы құқықтық нормалар, кәмелетке толмағандар арасында діни радикализмнің алдын алу жолдары мен мектептегі профилактикалық жұмыстардың маңызы туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, қазіргі жастардың интернет арқылы теріс идеология ықпалына ұшырау қаупі, діни сауатсыздықтың салдары және оны болдырмау жолдарын түсіндірді.

Іс-шарада білім саласының қызметкерлері сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.

Семинар соңында қатысушыларға ақпараттық-әдістемелік материалдар таратылып, арнайы сертификаттар табысталды.

 

Алдыңғы жаңалық

ҚОҒАМҒА ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ЕРЕКШЕ ТҰЛҒА

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАЙТЫН ЖАН

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі