Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жастар LIFE» жобасы Иассы ауылдық округінде жалғасын тауып, ауыл жастарына арналған тағылымды шара өтті.
Аталған жобаның негізгі мақсаты – жастар саясатын тиімді жүзеге асыру, ауыл жастарының тыныс-тіршілігімен жақын танысу, белсенді жастар ортасын қалыптастыру, мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен насихаттау, NEET санатындағы жастарға қолдау білдіру, ерікті жастардың белсенділігін арттыру, сондай-ақ талантты жастарды қолдап, ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғырту болып табылады.
Іс-шараға арнайы қонақтар – Сауран ауданы әкімінің кеңесшісі М.Жұмадуллаев, ҚХА жанындағы Сауран аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Н.Жұманова, Сауран аудандық «Сауран» газетінің бас редакторы Л.Сарыбаева, Иассы ауылдық округінің әкімі С.Пирметов, Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшы орынбасары Ж.Құрбанәлі қатысып, жастармен еркін форматта пікір алмасты.
Жоба барысында ауыл жастары өздерінің өнерін, білімін, ауыл шаруашылығындағы тәжірибесін ортаға салып, белсенділіктерін көрсетті. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында Аналар алқасының мүшелері мен ауыл жастары «Бастаңғы», «Табалдырық аттау», «Сырға салу» секілді салт-дәстүрлерімізді сахналап, жастарға үлгі-өнеге көрсетті.
Шараның жалғасы ретінде ауыл әкімі С.Пирметовпен жастардың еркін форматтағы кездесуі ұйымдастырылды. Жиында жастар өз ой-пікірлерін білдіріп, көкейдегі сұрақтарын қойып, ұсыныстарымен бөлісті. Әкім ауыл жастарының бастамаларын қолдайтынын жеткізіп, олардың ойларын тыңдады.
«Жастар LIFE» жобасы – аудан көлеміндегі ауыл жастарына серпін беруді, олардың белсенділігін арттыруды, ауыл өмірін жандандыруды көздейтін маңызды қадамдардың бірі. Мұндай бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Жастарға қолдау көрсетіп, шараға атсалысқан барша азаматтарға алғысымызды білдіреміз.

