Дерматомикоз — саңырауқұлақ инфекциясы. Бұл инфекция тері ауруын адам денесіндегі паразиттік саңырауқұлақтар тудырады.Саңырауқұлақтар теріге тілімдер және ашық жаралар арқылы еркін енеді.Осы саңырауқұлақтар ауруы зақымдалған дене бөлігін деформацияға әкеледі.Көбінесе аяқ пен қол білегі зардап шегеді.Бұдан басқа бұл ауруға тән белгілер – шаш құрылымының өзгеруі және оның түсуі, сондай ақ тері жабындысының жарықшақтануы.Ылғалдылығы жоғары жерлер – саңыраулықтың көбеюі үшін қойайлы орта. Сол себепті онымен көбінесе жиі терлейтін аяқ табандары зақымдалады.
Ауруды науқас адаммен, сондай ақ ауру мысықпен, итпен және басқа жануарлармен байланыс болған жағдайда жұқтырады. Көп жағдайда науқаспен байланыс жасағанда немесе зақымдалған заттарын пайдаланғанда, аяқ киім, монша кілемдері, сүлгі арқылы жұқтырады.Статистикалық мәлімет бойынша, науқастар көбінесе ортақ басаейндерде, сауналарда, спортзалдарда жұқтырған.
Саңырауқұлақ ауруларының белгілері байқалған кезде тез арада медициналық көмекке жүгіну қажет.Микоздың емделуі оның жіктелуіне қарамастан дәрігердің қатаң бақылауымен жүзеге асырылуы тиіс.Егер отбасы мүшелерінің біреуі дерматомикозбен ауырған жағдайда жеке бас гигиеналық қағидаларды қатаң сақтау керек.
Жас ерекшеліктері бойынша көбінесе балалар жұқтыруға жастар бейім келеді.Сондықтан балаларды ерте жастан дене және үй тазалығын сақтауға үйрету қажет.Балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оларға бұралқы мысықтар мен иттерді ұстауға тиым салу қажет.
Дерматомикозбен күрес ерте диагностикадан, науқастарды уақтылы оқшаулаудан және оларды тиімді емдеуден, жұқтыру көздерін анықтаудан, олардың одан әрі таралуын болдырмаудан және анықталған ошақты зарарсыздандырудан тұрады.Аурудың әрбір жағдайында ағымдағы және қорытынды дезинфекция жүргізіледі.
Дәрігерге неғұрлым тез арада жүгінсеңіз, соғұрлым саңырауқұлақ ауруларының ауыр түрлерінің пайда болуын азайтатыныңызды есте сақтау қажет.
Е. Джуматаев,
Сауран ауданы СЭББ
жетекші маманы.

